17 Қараша, 2011

Өзара ықпалдастыққа жаңаша серпін

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфиді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қа­зақ­стан мен Иранның екі­жақ­ты қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Қазақстан Иран­­мен достық және өзара тиімді байланыстарды да­мы­туға ерекше маңыз береді», – деді Қ.Мәми. Төр­ағаның ай­туын­ша, екі мем­лекеттің бас­шы­ла­ры эконо­микалық және саяси сала­лар­дағы өзара тиімді екі­жақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге баса назар аударып келеді. Иран Ислам Респуб­ли­ка­сы Парламентінің Төрағасы Али Лариджанидің былтыр­ғы жылғы Қазақстанға ресми сапары қорытын­ды­ла­рын жо­­ғары бағалай келіп, Қ.Мәми «парламентаралық бай­ла­ныс­­тар тұтастай та­быс­ты дамып келеді, соны­мен бірге оны тереңдетудің мүм­кіндігі зор», – деп атап өтті. Г.Сейфи қазақстандық та­рапты еліміз тәуелсіз­дігі­нің алдағы 20 жылдығымен құт­тықтады және ИИР Пар­ламентінің Төрағасы Али Лариджанидің Иранға ресми сапармен келуге шақы­руын Қ.Мәмиге жеткізді. «Сіздің ИИР-ға сапарыңыз парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа серпін беретін болады», – деді елші сөзінің қорытындысында.