Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Озық технологияның орны бөлек

306 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды мәселелер айтылып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Елбасы қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталу керектігін, саланы кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даяр­лау мәселелерін алға тартты. Сондықтан бұл құжат елдің денсаулығын түзетуге жауапты мекемелер мен мамандарға үлкен жауапкершілік артқаны анық. 

Озық технологияның орны бөлек

Президент атап өт­кендей, медици­на­лық тех­но­ло­гия­лардың дамуы­на байла­нысты медицина­лық қыз­­мет көрсетуге деген сұраныс көлемі де арта түседі. Демек, меди­цина­ның қай саласы болсын, заман тала­бына сай жұмыс істеп, пациенттерге ең жоғары сапалы қызмет көрсетуге, ұйымды соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар­мен қамтамасыз етуге ұм­тылуы керек.

Өз басым Астана қала­сын­­дағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерт­­теу институтын 17 жылдан бері басқарып келемін. Осы уақыттың ішінде трав­­ма­тология саласы да үл­кен өзгерістерді бастан кешті. Мысалы, кезінде ортан жіліктің мойны сын­ған адамдарға салған кеңес­тік протездердің техноло­гиясының сапасы тым төмен еді. Темір заттары тез желі­ніп, ұзаққа жарамай морт сы­нып кететін. Протезді қайта-қайта ауыс­тырып, пышақ­қа түсу науқастарға да оңай бол­ған жоқ. Мұның бәрі осы салаға жаңа технология ке­рек­тігін аңғартты. Біз­дің ма­мандар адам емдеумен ғана емес, өз салаларына қатысты зерттеулер жүргізіп, тың жаңалықтар алып келуге ұмтылды. Осы саладағы ең үздік технологияларды зерттедік. Әлемдік травматология саласындағы соң­ғы табыстарды саралай келе түйгеніміз, протез жа­сау ісінде немістерден ар­тық ешкім жоқ екеніне көзі­міз жетті. Германияның буын ауыстырудағы әдіс-тәсіл­дерін еркін меңгерген дәрігерлеріміз Новосібірдің ғылыми-зерттеу инсититуты мамандарымен бірлесіп, омыртқаны конструкциямен бекітудің қыр-сырын игерді. Мұндай заманауи технологияның тиімділігін ел көрді.

Бұрын омыртқасы сынған адам бірнеше айлап, аурухана төсегінде таңылып жатса, жаңа технология келгелі бірнеше күннен кейін-ақ аяғы­нан тұрып кететін болды. Биік құр­ылыстан құлап, омырт­қасын сын­дырған адам­дардың бәрі де бес ай көле­мінде жұмысына қайта оралды.

Сондай-ақ еліміздегі травматология саласындағы күрделі операция­ларды жасайтын институтқа протез салдырғысы келетін сырқат жандар бұрын кезегін бір­неше жыл бойы сарыла күте­тін. Ал қазір небары 8-9 ай­дың ішінде шақырту ала­­тын болды. Міне тың техно­ло­гияның құді­реті деге­­ні­міз осы. Сондай-ақ абай­сыз­­да шабылған, кесілген саусақ­тар­­­ды жұм­сақ ет­терінің жіңіш­к­е та­мыр­­­лары ар­қылы қосып, қалпына кел­­­ті­ре­­тін әдісті де енгіздік. Ас­қан шы­­дам­­­дылық пен шебер­лікті қажет ете­тін мұн­дай операция­ларды жасай­­­­тын хир­ургия­лық бөлім­­ше­лер тұтас заманауи құ­рыл­­­ғылар­мен жаб­­д­ы­қ­­­талған. Мұнда жара­­қ­ат­­тан­ған жер­ді сегіз есеге дейін үлкей­­тіп көр­­­­се­­тетін рентген аппарат­тары, сүйек­­­ті қай жерінен, қан­дай кө­ле­м­де алу керектігін ескертіп, он­дағы қы­­­­­сым­­­ның деңгейін көрсетіп тұра­­тын а­р­­найы навигациялық жүйе орнатылған.

Әрине, медицина саласында қол­данылатын әр­бір жаңа технология – ең алдымен адамдардың игілігі үшін пайдаланылады. Мұн­дай қадам, Жолдауда ай­тылғандай, медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Мысалы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институ­тын­дағы эндопротездеу, кеуде қуысының бұ­зылыстары мен сколиоздар хирургиясы, вертебропластика саласындағы заманауи емдеу тәсілдері мен құрылғылардың бәрі пациент­терге жоғары сапалы қыз­мет көрсету­ге ықпал етпек. Кадр­лары­мыз­дың білік­ті­лігін арттыруды да назардан тыс қалдырмай, маман­дарымыз Израиль, Германия, Швей­цария, АҚШ, Аустрия, Польша, Бель­гия және Ре­сейдің алдыңғы қатарлы орта­лық­­­тарында тұрақты түрде оқу курс­тарынан өтіп келеді. Қазіргі таң­да ға­лым­дарымыз жамбас буы­нын ауыс­ты­руға ар­налған жаңа эндо­п­ротезді әзірлеумен айналысуда. Бұл құрылғы жастау азаматтарға арнал­ған. Оған ұлттық патент алу үшін өті­ніш берілді. Одан кейін еура­зиялық па­тентті иеленуге күш салатын боламыз.

Президенттің Жолдауын­да ха­лық мемлекет тарапынан кепілдік бе­ріл­­ме­ген қызметтерді Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесінің қа­тысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақ­тандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алатынын атап өтті. Бұл – өте ма­ңызды мәселе. Мысалы, тірек-қимыл жүйесіне за­қым келген сырқат кезегін күткісі келмесе, онда өзіне қажетті протезді мердігер-фирмадан алып, жоғары технологиялық медициналық көмек­ті ала беруіне болады. Ал оның стацио­нарда жату ақысын, протезді қою және емдеуді мемлекет толық өз мойнына алады. Ал эндопротезді алуға жағдайы келмейтіндер кезе­гін аяғына дейін күтуге тура келеді. Есесіне, протездің, басқа да қажетті конс­трукциялардың ақысы мемлекет есебінен төленеді. Бұл да сырқаттарға көрсетіліп жатқан үлкен қолдау. Осы тұрғыдан ал­ған­да, мен Елбасы атап өт­кен міндетті медициналық сақ­тан­дыру жүйесін енгізуді қолдаймын. 

Нұрлан БАТПЕНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры

АСТАНА