«Қазақстан аумағынан Актикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде. Осыған байланысты елімізде ескерту жарияланды. 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, кей жерлерде -35 градус қатты аяз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал. Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градустық қатты аяз болуы мүмкін.
Пікірлер(1)
Сыздиков Д.К. (25.01.2018 23:03:43)
Неге жаңалық тақырыбында 40-45 градуыс ыстық көрсетілген. Негізі градус -40-45 деп көрсетілуі керек емес пе???? Суық тек - белгісімен көрсетіледі.
Жауап беру
Пікір қосу