Қазақстан • 21 Қаңтар, 2018

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – күйші Тұрар Әліпбаев пен дирижер Дәурен Ғылымовтың «Ұлы дала саздары» атты шығармашылық концерті өтеді.

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, шертпе күйші Жанғали Жүзбай, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары – Толғанбай Сембаев (дәстүрлі әнші), Азат Малик (баритон), Гүлдана Алдадосова (сопрано), Бастау дуэтінің орындаушылары Ернат Наурыз бен Темірлан Олжабай өнер көрсетеді.

Салтанатты кеш 25 қаңтар күні 18:00-де өтеді.

Тұрар Әліпбаев – 1987  жылы  Алматы  мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген.

1984 жылы «Жігер» фестивалі, 1990 жылы «Құрманғазы» атындағы республикалық конкурстардың лауреаты атанған.

1990-1992 жылдары  Құрманғазы атындағы консерватория асперантурасында оқып бітірген.

1997-2010 ж. Астана мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған оркестрінің бас концертмейстері болған.

1998 жылдан бастап  Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында қазіргі ҚазҰӨУ-де  еңбек етуде.

1996 жылы ҚР оқу білім үздігі,1998 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, 1998 жылы ҚазҰӨА-ның профессоры, 2007 жылы ЖАК доценті, 2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына төсбелгі (медаль);

Дәурен Ғылымов – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін (1999) оқытушы, оркестр әртісі мамандығы бойынша; Қазақ ұлттық музыка академиясы оркестр дирижөрі факультетін бітірген (ассистенттік-сынақ ісі) (2003) халық аспаптары оркестрінің дирижері, концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылдан бері Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері.

Мәдениет қайраткері (2003). Ш. Қажығалиев атындағы Республикалық байқаудың дипломанты (Орал, 2002).

Н. Тілендиев атындағы Дирижерлар байқауының Гран-при иегері (2004).