![Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды](/article_photo/1516542257_article_b.jpeg)
Павлодар облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар жабық;
Ақмол облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Астана қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (16-205 км) жабық;
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) сағат 16.00-ден бастап дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Семей қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (577-733км) жабық.