Спорт • 22 Қаңтар, 2018

Келешегі зор спорттық жоба

85 реткөрсетілді

Сіздің бастамаңызбен 2013 жылы құрылған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы алдына өр мақсат қойған және келешегі зор спорттық жоба болып табылады, деп атап көрсетілген Мемлекет басшысына бір топ спортшы атынан жолданған хатта.

«Астана» Президенттік клу­бы­­ның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, клубтың құрылтайшылары 51 дауысқа ие «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен 49 дауысқа ие Астана қаласының әкімдігі. 

Сіздің жеке қолдауыңыздың және тұрақты қаржыландырудың арқасында клуб халықаралық аре­нада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елорда мен Қазақ­стан­ның оң беделін қалыптастырып, нығайтуда.

«Астана» президенттік клубы өз туының астына үздік кәсі­би спорттық клубтарды: әлем­­дік деңгейдегі «Астана» вело­ко­мандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, ралли-рейдтар бойынша «Ас­тана» командасы және «Астана Арланс» боксшылар командаларын біріктіріп отыр.

«Астана» клубының жетіс­тіктері бүкіл әлемге кеңінен мәлім.«Астана» велокомандасы – 215 жеңіске қол жеткізіп, Гранд-турларда 8 мәрте жеңіс сал­­танатын құрған, әлемдік дең­­гейде танылып, еліміздің тан­дау­лы брендіне айналған коман­да. Велоклубтың құрамына «Ас­тана» велокомандасы және 3 фарм-клуб: қазақстандық спортшылардан тұратын «Astana City» құрлықтық командасы және «Astana Track Team» трек коман­­дасы, сондай-ақ «Astana Womens Team» әйелдер командасы кі­реді. 

«Астана» велокомандасының спортшылары Қазақстанды Азия­да нөмірі бірінші еткен Ұлт­тық құраманың негізі болып табылады. «Астана» футбол клубы рес­публиканың төрт дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының үш мәрте иегері, қазақстандық футбол тарихында 2015 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің және 2017 жылы Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы болып табылады. Сонымен қатар Астана клубтық рейтингте 452-ші орыннан 67-ші орынға көтеріліп, бірегей жетістікке қол жеткізді. Бұл көр­сеткіш «Астана» клубының УЕФА рейтингісінде елімізге ұпай әкелетін жалғыз клуб еке­нін көрсетеді.

«Барыс» хоккей клубы Шы­ғыс Еуропаның, Ресейдің, Қы­тайдың және ТМД елдерінің жетекші командалары ойнайтын Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінің тұрақты қа­ты­сушысы, сонымен қатар еліміз­дің ерлер, жастар, студенттер мен жасөспірімдер құрама­ларының базалық клубы болып табылады.

«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига және Қазақстан Ку­богының төрт мәрте чемпио­ны, еліміздің баскетбол тарихын­дағы 2017 жылғы Азия чем­пиондары кубогының алғашқы қола жүлдегері, Шығыс Еуропа, Ресей, Қытай және ТМД елде­рінің жетекші клубтарының ба­сын қосатын ВТБ Біртұтас лигасының плэй-офф раундының тұрақты қатысушысы және толыққанды мүшесі болып табылады. Клуб азиялық грандтар – Қатар мен Ирактың құрама командаларын жеңіп, 2019 жылы Әлем чемпионатының іріктеу циклына қатысып жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасының базалық командасы.
Ралли-рейдтар бойынша «Астана» командасы «ДАКАР» трансконтиненттік ралли-марафонына қатысқан еліміздің автоспорт тарихындағы алғашқы және жалғыз командасы, әлемнің екі дүркін чемпионы, «Дакар» ралли-марафонының екі мәрте қола жүлдегері, сондай-ақ тек спорттық іс-шара емес, Ресей, Қазақстан және Қытай сияқты үш ел ынтымақтастығының стратегиялық жобасы – «Silk Way Rally 2016» атты ірі халықаралық ралли-марафонының чемпионы болып табылады.

«Астана Арланс» боксшылар клубы – үш дүркін Әлем чемпионы және Дүниежүзілік бокс сериясының рекордсмені. Тек қана қазақстандық спортшы­лар­дан тұратын «Астана Арланс» боксшылары барлық құр­лық­тарда өнер көрсетіп, бірнеше мәрте әлемнің үздік боксшылары болып танылды.
«Астана» брендінің әлемге танымалдылығын ескере отырып, «Астана» президенттік клу­бының спорттық жобаларының біртұтас ребрендингі жүзеге асырылды.

Енді «Астана» – Қазақстан­ның және елордамыздың беделін халықаралық аренада бір атау және бір логотиппен дамытатын біртұтас ұлттық спорт бренді.

Бұдан басқа, қазіргі таңда президенттік клуб брендті са­палы түрде басқару және менедж­­менттің цифрлы жүйесін енгізу жолымен бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Біздің клубтарымыздың бюджеті басқа әлемдік спорт жо­баларының бюджетімен салыс­тырғанда – ең қарапайым, және ол соңғы бірнеше жылдар бойы өзгеріссіз қалуда. Сонымен бірге клуб шығындарды әрі қарай оңтайландыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасауда.
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сізге жеке қолдау көр­сет­кеніңіз үшін тағы да алғысы­мызды білдіруге рұқсат етіңіз.

Сіздің құптауыңызбен біз са­ламатты өмір салтын насихат­тауға және еліміздің спорттық әлеуетін арттыру үшін «Астана» пре­зиденттік клубының одан әрі дамуына бағытталған жұ­мыс­тарды жалғастыруға дайынбыз.

Хатқа «Астана» вело­ко­ман­дасының бас менеджері, Олим­пиада чемпионы А.Винокуров, «Астана» баскетбол клубының бас менеджері, Олимпиада чемпионы В.Тихоненко, «Барыс» ХК президенті А. Шопобаев, «Ас­­тана» ФК президенті С.Хамит­­жанов, Ралли-рейдтар бойын­ша «Астана» коман­да­сы­ның бас менеджері А.Ардавичус, Пар­­ла­мент Мәжілісінің депутаты, Олим­пиада чемпионы, «Ас­та­на» пре­зиденттік клубы Қам­қор­­шылық кеңесінің мүшесі С.Сәпиев және Парламент Се­наты­ның депутаты, «Аста­на» пре­зиденттік клубы Қамқор­шылық кеңесінің төрағасы Д.Кәлетаев қол қойған. 
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда достық көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Шпал өндірісі іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:07

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар