Медицина • 22 Қаңтар, 2018

Ел болашағына деген сенім арта түсті

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен ерекше ықылас таныта отырып танысып шықтық. Жолдауда жазылған барлық мәселелер орынды көтерілген. Ондағы экономикалық, әлеуметтік бағыттар бойынша алға қойылған міндеттер еліміздің дамуы үшін аса маңызды екені сөзсіз. 

 

Ел болашағына деген сенім арта түсті

Жалпы, Жолдауда көрсетілген 10 бағыт Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында туын­дап отырған жаңа қағида­ларға бейімделуімізге жол ашады. Осы орайда Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбымен берілген жетінші бағыт бойынша ел назарына ұсынылған ауқымды міндеттердің қоғам өміріндегі орны ерекше деп ойлаймыз. Өйткені онда уақыт талабына сай маман даярлауға, ұрпақ тәрбиелеуге қатысты мәселе­лер егжей-тегжейлі жазылған. Мәселен, білім беруді жаңа сапаға көтеру, орта және жоғары білім беру саласын жаңартылған мазмұнға көшіру, сондай-ақ жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бо­йын­ша білім алған түлектер санын көбейту тұрғысындағы міндеттер дер кезінде көтеріліп отыр.

Сонымен қатар, латын графикасына көшу, қазақ тілінің қол­даныс аясын кеңейту, шет тіл­дерін меңгеру ісіне қатысты айтылған ілкімді ойларға жүрдім-бардым қарауға болмайды. 

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, Елбасының мұға­лімдер қауымының мәр­тебесін көтеруге ерекше назар аударып, олардың әлеу­­меттік жағдайын одан әрі жақ­­сартуға байланыс­ты бер­ген тапсырмалары барша жұрт­­шы­лықты бір серпілтіп тастады. 

Қорыта айтқанда, Прези­дент­тің биылғы Жолдауы қоғамы­мыз­да тың серпіліс тудырып отыр. Бұл құжат халықтың Елба­сы­на, атқарушы билікке деген сенімін арттыра түсті деп сеніммен ай­туға болады.

Жанар БАЙДАЛЫҚЫЗЫ,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық факультетінің оқытушысы 
ТҮРКІСТАН