Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018

Бес мың орындық стадион салынады

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстанда бес әлеуметтік-мә­­дени нысан пайдалануға бе­рілмек. Қазір Өскемендегі Ахат Күленов кентінде орна­лас­­қан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін ем­ханаға айналдыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. 

Бес мың орындық стадион салынады

Облыс әкімі баспасөз қызметінің тарат­қан мәліметтеріне сүйенсек, құ­рылыс жұмыстарының 90 пайы­зы аяқталған нысан би­ыл­ғы көктемде есігін айқара ашуы тиіс. Сонымен қатар осы жыл­дың қыркүйек айында Абай ауда­нында ұзындығы 25 метр болатын бес жолақты жүзу бас­сейні жұмысын бастамақ. 

Тағы бір жағымды жаңалық, биыл өңірдің үш бірдей ауданында жаңа білім ордалары (Аягөз ауданында 600, Үржар ауданының Мақаншы ауылында 320 және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 600 орындық мектеп, 300 орындық интернат) бой көтермек. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жақында Өскеменде өткен жиындардың бірінде аталған үш нысанды жаңа оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа беруді тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта облыста бес әлеуметтік-мәдени, спорттық нысанның құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Олар Өскеменде салынып жатқан үш мектеп пен денсаулық сақ­тау саласындағы екі нысан (гематологиялық орталық пен Өскемен қаласындағы 200 орын­дық қалалық балалар ау­ру­­­ха­­­­насының құрылысы). Сон­дай-ақ Семей қаласында «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені салынады. Халықаралық стандарттарға сай келетін, бес мың орынға шақталған ғимарат Қарағайлы ықшам ауданында бой көтермек. 

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы