Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Экспортталған мұнай көлемі 70 миллион тоннаға жуық

239 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанда өткен жылы 86 млн тоннадан астам мұ­най өндірілді, бұл өндіру жос­парының 102 пайызын құ­райды. Оған қоса 70 млн тоннаға жуық мұ­най экспортталды. 15 млн тон­наға жуығы отандық мұ­най өңдеу зауыттарын­да қайта өңделді. Бұл тура­лы Үкіметтің баспасөз орта­лығында өткен брифингте еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Экспортталған мұнай көлемі 70 миллион тоннаға жуық

Үкіметтің баспасөз орта­лы­ғында ұйымдастырылған жиында Энергетика министр­лігінің өткен жылғы даму қоры­тындылары және алдағы жоспар­лары туралы айтылған бола­тын. Министр он­да Павло­дар мұнай-химия зауы­­тында жаң­ғырту жобасы жү­зеге асы­рыл­ғанын, сондай-ақ Аты­рау мұнай өңдеу зауытын жаң­ғырту жобаларының құ­ры­лысы аяқ­тал­ғанын, қазіргі уа­қыт­та зауытта іске қосу-жөндеу жұ­мыстары жүріп жатқанын атап өтті. 

«2017 жылы отын-энергетика секторының салалары ре­корд­тық көрсеткіштерге қол жет­­кізді деуге болады», деді министр.

Қ.Бозымбаевтың айтуынша, өткен жылда газ өндіру кө­лемі шамамен 53 млрд текше метр немесе жоспардың 110 пайызын құраған. Оған қоса 2017 жылы 102,3 млрд кВсағ электр энер­гия­сы, 106,7 млн тонна көмір өнді­рілген.   2017 жылдың қоры­тын­дысы бойынша газдандыру деңгейі – 47,38 пайыз.

Брифингте Қ.Бозымбаев Мем­лекет басшысының Жол­дау­­да белгілеген міндеттерін ес­ке­ре отырып, 2018 жылға жос­­пар­лар туралы да айтып берді.  Министрдің айтуынша, Пре­­зи­денттің «Төртінші өнер­­кәсіптік революция жағ­дайын­дағы да­мудың жаңа мүмкін­діктері» Жол­­дауы­на сәйкес Энергетика минис­тр­лігі­нің негіз­гі такти­калық мін­дет­терінің бірі ре­сурс­тық әлеу­етті одан әрі дамыту болып табылады. Ол үшін бас­ты құрал – Жер және жер қой­науын пайдалану туралы кодекс, оның нормалары 2018 жыл­ғы шілдеден бастап күшіне ене­ді. Қазір заңға сәйкес барлық нормативтік-құқықтық база пы­сықталуда. 

«Жер қойнауын пайдалану саласында салық саясаты же­тіл­дірілді. Биылғы жылдың 1 қаң­тарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Кодекстерді қабылдау және барлық қарас­ты­рылған нормаларды іске асыру мұнай-газ кешенінің стра­тегиялық маңызын сақтап қалу­ға мүмкіндік береді», деді ми­н­истр. Сонымен қатар ол биыл сұйылтылған мұнай газы нары­ғында шектік бағаны мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңмен шы­ғару үшін электронды сауда алаңын енгізу жоспарланғанын атап өтті. Бұл баға белгілеу және сұйылтылған мұнай газын бөлу тетігін жетілдіруге мүмкіндік бермек. Қажетті заңнамалық нормалар 2018 жылғы желтоқсанға дейін пысықталады.

«Астананы газдандыру мә­селесі өте өзекті, сондықтан қар­­­жы­­ландыру үлгісі мен көзін пы­сық­­тау жалғасады. Мұнай-газ са­ла­­сында полипропилен өн­ді­рісі жо­басы бойынша құ­ры­лыс жұ­­мыс­­тары басталады, деді ми­нистр.

Электр энергетикасы саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамында се­німділік пен энергиямен қам­та­масыз ету сызбасын жеңілдету мақсатында өңірлерде энергия жеткізуші ұйымдарды ірілендіру қарастырылған.

Бұл ретте Қ.Бозымбаев 2018 жылы 15 энергия жеткізуші ұйым өз қызметтерін тоқтатуы тиіс­тігін, жалпы энергия жеткізуші ұйымдардың саны 2022 жылға қарай 30 пайызға, яғни 160-тан 110-ға дейін қысқарады деп күтілуде екендігін атап өтті.

Мәліметке сүйенсек, «Нұр­лы жол» бағдарламасы аясын­да Семей – Ақтоғай – Тал­­ды­қорған – Алматы орамын­дағы Шүлбі ГЭС-нің 500 кВ же­лісі құ­ры­лысының ІІ кезеңі аяқ­талады. Осылайша «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» өңіраралық жобасы 2018 жылдың соңына қарай толығымен іске қосылады. Жоба ШҚО мен Алматы облысының электр энергиясы тапшылығын қамтуға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағыт­талған.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»