18 Қараша, 2011

Жаңа...

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...бір  мың  түп  ағаш  егілді Күзде Пестрое көлінің жа­ғасында «Солтүстік жұлдызы» кешенді саябағы бой көтеріп, Елбасы салтанатты түрде аш­қан болатын. Сол  жолы 70-ке жуық шырша, терек көшеттері егілген еді. Жуырда облыс әкімі Серік Біләлов бастаған  қала, аудан әкімдері, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшелері «Жасыл желек – ұлт денсау­лы­ғы» акциясы аясында осында жөке ағаштарының көшеттерін отырғызды. Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғы­на арналған шара басталғалы  демалыс саябақтарына бір мың­нан аса ағаш егіліп, жасыл желекке оранды. Өмір ЕСҚАЛИ, Петропавл.   ...реанимобиль көліктері  тапсырылды Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар қалалық және аудандық денсаулық сақтау бө­лім­дерінің басшыларына меди­ци­налық жедел жәрдем көлік­те­рі­нің кілттерін тапсырды. Об­лыс­тың аумағы үлкен, жолы ұзақ, сондықтан кейде жол кө­лік апаты болып тұрады. Міне, сондай кезде аталмыш көліктер дер кезінде жетіп, жарақат алғандарға көмек көрсетеді. Құны 121 миллион теңге тұратын 9 реанимобиль көлі­гін­де қажет­ті құрал-жабдық­тар­дың, дәрі-дәр­мек, басқа да қа­жетті заттар­дың бәрі бар. Өңір басшысы Аягөз, Зайсан, Зырян аудан­да­рында диагностикалық орта­лық­тың ашылатынын айта келіп, көліктердің алдағы уақытта да барлық аудандарға берілетінін айтты. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.   ...картоп  қоймасы Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатындағы жұ­мыстар жалғасып келеді. Осы мақ­сатта «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасының бірінші бағытымен ауыл ша­руашылығы саласындағы тың ұмтылыс нәтижесінде аймақ­тар­дағы тауар өндірушілердің жұмысын жеңілдететін бастамалар көптеп кездесетіні жайлы айтқан абзал. Қапшағай қалалық аумағын­да­ғы Шеңгелді елді мекенінде сыйымдылығы 3 мың тонна бо­латын картоп сақтайтын қойма пайдалануға берілді. Аталған жобаның тиянағын келтірген «ЖетісуАгро» серіктестігі об­лыс­тағы картоп пен көкөніске қатысты күрделі жағдайдың күрмеуін тарқатуды алға қой­ған. Осылайша банктен 28 млн. теңге несие алып, қоймаға қа­жетті құрал-жабдықтарды Голландиядан әкелген. Мемлекеттің қолдауымен са­лынған қоймада сақталған өнім қала тұрғындарының азық-тү­лікке деген сұранысын қанағат­тандыратын болады. Несиені өтеуде де жеңілдік бар. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.