«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қаңтарда Вашингтонға барды. Жалпы, мен Назарбаевты аса көрнекті саяси қайраткер деп санаймын. Ол – президенттер арасындағы ең мықтылардың бірі. Тіпті посткеңестік кеңістіктегі ең мықты президент деуге болады. Мен Назарбаев пен Трамптың не жөнінде уағдаласқанын мұқият сараладым. Қандай керемет өзара түсіністік! Қазақстанға 50 миллиард доллар Америка инвестициясы тартылған. 50 миллиард доллар! Қазақстан бейбітшіліктің, достық пен береке-бірліктің арқасында өркендеуде. Қараңызшы, экономикасы қалай дамып келеді! Мен Алматыда болып, жағдайды жете зерттедім. Халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көрдім. Мен Назарбаевтың өзінің халқын нық сеніммен, әкелік қамқорлықпен өркендеу жолына бастап бара жатқанына куә болдым. Ол – данышпан адам. Назарбаев – Шығыстың данагөйі» дейді украиналық журналист.
Сондай-ақ, Д.Гордон КСРО-ның тұңғыш әрі жалғыз президенті М.Горбачевтің Елбасы туралы сөзін еске алады: «Кезінде Горбачев маған Назарбаев туралы көп айтқан болатын. КСРО-ның ыдырауы алдында Горбачев Назарбаевтың Премьер-Министр болғанын қалады. Енді қараңыздар, ол америкалықтармен, Трамппен ортақ тіл тапты. Трамп ол туралы тебірене сөйледі.»