Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, қазіргі заманғы мемлекеттер құқықтық жүйелерінің қарқынды дамуы, жаһанданудың тереңдетілген процестері конституциялық әділет органдарының алдына жаңа міндеттер қояды, оларды шешу ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.
ҒКК міндеттеріне Республика аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, конституционализмнің заманауи проблемаларын әзірлеу, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру, Конституциялық Кеңес шешімдерінің құқықтық салдарларын болжау және оларды орындаудың жай-күйін талдау бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау кіреді.
Кеңес құрамына конституциялық, азаматтық, қылмыстық, халықаралық құқық саласындағы және басқа да заң салаларындағы белгілі құқықтанушы-ғалымдарды қосуға ұсыным берілді. ҒКК мүшелері өз жұмысын қоғамдық бастамаларда жүзеге асырып, оның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
ҒКК қызметін үйлестіру үшін Конституциялық Кеңес өз құрамынан Конституциялық Кеңес мүшесі В.А.Малиновскийді оның Хатшысы деп айқындады.