Аймақтар • 26 Қаңтар, 2018

Қостанай жастары Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізді

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері  Қостанай политехникалық жоғары колледжінің бастамасымен өтті. Оған қоғамдық пікір көшбасшылары,  облыстық мәслихат депутаттары,  колледждер студенттері қатысты. Тұсаукесер шарасында облыстық мәслихат хатшысы  Сайлаубек Есжанов  жас мемлекеттің даму сатыларын Елбасы тарихи-публицистикалық жанрда баяндап бергенін айтты.

Қостанай жастары Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізді

Мұнан кейін төрт тараудан тұратын  кітап жөнінде білім беру саласының ардагері, белгілі ұстаз Светлана Мачнева, Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институтының ректоры,  тарих ғылымдарының докторы, пофессор Еркән Әбіл, Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалы директорының ғылыми жұмыстар бойынша  орынбасары,  Қазақстан халықтары Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Презмидентінің жанындағы  адам құқығы комиссиясының сарапшылар кеңесінің мүшесі Әлімжан Бекмағамбетов айтып берді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи-публицистикалық жанрда жазған бұл кітабының құндылығы Тәуелсіздік тұғырын қалыптастыру тарихын кешенді түрде алып қарастырады.  Елдің Тәуелсіздік жылдары саяси, экономикалық әлеуметтік жүйесінің өзгеруін жинақтап, кешенді түрде зерттеген мұндай  кітап Қазақстанда  әлі жоқ. Осы 26 жылда  Тәуелсіздік туралы жазылған кітаптарды авторлардың әрқайсысы өзінің зерттеген саяси немесе экономиалық, әлеуметтік тұроғыдан жекелей алып ғана жазды. Ал мынандай жинақтап, бір тұтас айтып берген ешкім жоқ» деді Еркін Әбіл.

Тұсаукесерге   облыстағы колледждерден 500 ден аса студенттер қатысты.

«Бұл кітап оқу үдерісінде пайдалануы тиіс. Ол барлық білім беру деңгейінде, яғни мектептерде, техникалық және кәсіби білім беру , жоғару оқу орындарында оқытылуы жағын ойластырамыз. Бүгінгі оқушы, студент еліміздің ертеңгі мамндары, көшбасшылары деп білсек,  бүгінгі жастар бұл кітаптан өздерін толғандырған сұроақтардың барлығына жауап табады деп ойлаймын» деді Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры, обылстық мәслихаттың депутаты Алма Досжанова.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай