19 Қараша, 2011

Екі ауыр қылмыс әшкереленді

277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қаланың орталығындағы әмбебап сауда базары маңынан күні бойы қаңғып жүр­ген екі-үш жас шамасындағы Самира есімді бүлдіршінді базар күзетшілері байқап қа­лып, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүл­діршін қыздың мынандай күннің суығында денсаулығына қауіп-қатер келген жоқ па деген күдікпен тәртіп сақшылары өз кезегінде балалар ауруханасына жеткізген. Сол кү­ні кешкісін жергілікті телеарнадан қыздың суретін көрсетіп, ата-анасына іздеу салынды. Қайғылы оқиға қазанның 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Арыс­тан отбасында жанжал шығарып, келіншегіне басқа бір әйелге үйленгісі келетінін айтады. Ұрыс-керіс кезінде ол келіншегін қылғын­дырып өлтіріп, мәйітін теледидардың қорабына салып, үйінің ауласына көмген. Ал қызын 15 қазан күні Оралдағы базарға тастап, өзі Ақсай қала­сына тартып отырған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында суреті жарияланған сәбиді та­ны­ған Зеленый ауылындағы көршілері жергілікті полициямен хабарласып, қыз­дың ата-анасының телефон нөмірлері анықталады. Алайда, әкесі Арыстанға ха­барласқанда, ол өзінің Мәскеу қаласында жүргенін, таяуда Оралға келетінін ай­тып жалтарған. Ал 30 қазан күні қызын көруге келген сәтінде ол қазіргі уа­қытта келіншегімен бірге тұрмайтындығын және келіншегінің баланы қасақана тастап, Алматы қаласындағы өз анасына кетіп қалуы мүмкін деген жалған ақ­па­рат береді. Бірақ, жауап алу кезінде кейбір сұрақтарға мүдіріп, күдік тудырады. Нә­ти­же­сінде, полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның бетін ашып, қыл­мыс­кер кі­нә­сін мойындайды. Облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері тағы бір адам өлтіру оқиғасын әшкереледі. Биылғы 28 қазанда Атырау облысының Индер ауданының тұрғыны 1968 жылы туған Абида есімді саудагер келіншек Орал қаласына келіп, «Мирлан» базарында өндірістік және азық-түлік тауарларына көтерме сауда жасаған. Кейін Ж.Досмұхамедов көшесінде орналасқан қоймаға барғанда қарақшылардың қолынан қаза болған. Облыста жыл басынан бері 9 әйел өлтіру оқиғасы тіркелсе, соның бесеуі отбасындағы жанжалдың салдарынан орын алған. Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.