Қазақстан • 27 Қаңтар, 2018

Астанада дәмхана өртеніп жатыр

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт сөндірумен айналасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқиға орнынан.

Астанада дәмхана өртеніп жатыр

«Оңтүстік-шығыс» шағын ауданындағы Балқантау көшесінің бойында орналасқан «Палау орталығы» (Центр плова) дәмханасы жанып жатыр.

Оқиға орнына үш өрт сөндіруші көлік, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі келді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.