28 Қаңтар, 2018

Димаш Құдайберген Қытайда «Үздік әртіс» атағына ие болды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасына жазды.27 қаңтар Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өткен үлкен музыкалық шарада Димаш Қытайдағы «Үздік әртіс» атағына ие болды.

Димаш Құдайберген Қытайда «Үздік әртіс» атағына ие болды

«Global golden chart awards марапаттау салтанатында мен «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атандым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Аладағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Dears! Сіздерді жақсы көремін!»,-деді Димаш өзінің Инстаграмдағы жазбасында.

Бұл шараны Қытай, Сингапур, Малайзия және АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының ақпараттық агенттіктері бірлесіп жыл сайын ұйымдастырады.