Аймақтар • 28 Қаңтар, 2018

Шымкентте мейрамхана өртеніп кетті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 18-ші мөлтекауданы маңындағы Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан мейрамхана өртеніп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, «Алтын ана» тойханасы әп сәтте жанып кеткен. Тілсіз жау ғимараттың жанындағы дүкен мен дәріхананы шарпыған.

Өртті сөндіруге арнайы өрт сөндірушілер мен сегіз техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да тартылған.

Өрттің неден шыққаны жайында әзірге толықтай мәлімет жоқ.