19 Қараша, 2011

Сақтандыруға сақ тұрған

311 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
«ТрансОйл» сақтандыру компаниясы 20 жылдан бері клиенттің мүддесін қорғау жолында биік белеске шығып отыр Республикадағы ең байырғы сақ­­тандыру компанияларының біріне тұп-тура 20 жыл толып отыр. Тәуел­сіздіктің құрдасы – «ТрансОйл» сақ­тандыру ком­па­ния­сы осы уақыт іш­інде ұзақ жолдан өтіп, бұрынғыдай клиенттің мүд­де­сін қорғау қағи­дат­тарына сенімді екендігін нақты істерімен дәлелдеу үстінде. 19 қарашада еліміздің сақтан­ды­ру на­ры­ғына алғашқы тәуелсіз қа­ты­сушы – «Транс­Ойл» сақтандыру ком­паниясы өзі­нің туған күнін той­лайды. Ол 1998 жылға дейін «Авиаполис» деген атауды алып жүрген болатын. 1991 жылғы дәл осы күні компания Қазақстанда алғаш рет сақтан­дырушы ретінде мемлекеттік тіркеуден өт­кендігі туралы куәлік алып, жұмысын бас­тады. Клиент­тер­дің мүліктік мүдде­ле­рін қорғау­ды өзіне міндет етіп қойған «Транс­Ойл» міне 20 жылдан бері сақта­н­дырудың саналуан мәселелерін жедел және заңдық тұрғыдан шеше отырып, бұл қағида бой­ынша бұл­жымайтын жолмен келеді. Компанияның басшылығы мен қыз­мет­керлері өткен екі онжыл­дық­тағы өз қыз­ме­тіне көз жүгіртіп, жұ­мыс қорытындыларын шығара келіп, айтулы жетістіктерге жеткенін көріп отыр. Қызметкерлердің көпші­лігі «ТрансОйл» сақтандыру компа­ния­сы құ­рылған күннен бастап жүк­телген міндеттерін абыроймен ор­ын­дауда. Осы кезең ішінде жеткен жетістіктеріне өздері де риза. Қазіргі таңда компанияның аяқ алысы мы­ғым, қазақстандықтар мен өз сала­сындағы әріптестері арасында лай­ықты беделге ие. Мұның бәрі айтуға жеңіл болғанымен, жиырма жылда жүріп өткен жол әрине жеңіл болған жоқ. Алайда оның бастауында тұрып, қиын-қыстау өтпелі кезеңде қиын­дық­тан өткен компанияның ардагерлері оны сірә ұмыта қоймас. Дегенмен, әр кезеңнің қиынды­ғы­­мен қатар қызығы да болатыны анық. Бәрі де «таза» парақтан басталған еді. Ол кезде сақтандыру қызметтерінің на­рығы жоқтың қасы болатын. Оны ұғынуда сақтандыру мәдениеті де қалыптаспағаны өз алдына бір мәсе­ле екендігі қазір жасырын емес. Еркін нарықтың көкжиегінде көлбең­деп көрінген перспективалар, бір жағынан Кеңес Одағының ыды­рауы салдарынан бол­ған былықтар, ал екінші жағынан сақ­тан­дыру на­рығында нағыз дүрбелеңді ту­ғызды. Етектен кесіп алуға дайын ептілер тез арада дивидендтер алып, мол пай­даны иеленуді есептеген пыса­қайлар сақтан­ды­ру компа­ния­ларын құруға құлшы­на кірісіп кетті. 1993 жылдың өзінде ғана Қазақ­станда бірнеше жүздеген сақтанды­ру компания­ла­ры әрекет етті. Олар­дың көпшілік бөлігі сақтандыру қыз­метімен өздерінің атаула­рын ға­на байланыстырып отырды. Дегенмен, заң шығарушы сыртта қалып қойған жоқ және де сақтандыру нор­маларын реттейтін заңнаманы жетілдіру шарасы бой­ын­ша шешімдер қабылдады. Соның арқа­сында на­рықта өз клиенттерін қорғауға шын мәнінде кіріскен компаниялар ғана қалды. Қазіргі таңда «аласапыранға толы тоқсаныншы жылдар» дәл атауын алған сол күрделі кезеңде жұмыстарын баста­ғандар­дың ішінен бар-жоғы үш компания қалды. «ТрансОйл» Қазақстанда сақ­тан­дыру нарығы қалыптасуының бар­лық қиындық­­тарын өткеріп, бола­шақ­қа сеніммен қарай­т­ындығы әмбе жұртқа аян болды. Әрине бизнес те теңіз тәрізді, көк айдында жүзген кеме желсіз күнгі тымықты да, дүлей дауылды да еңсеріп айлаққа аман-есен жетері сөзсіз. Бұндай сынақтан өту капитанға да, оның командасына да әбден байла­ныс­ты, өйткені ұйыс­қан ұжым болса алысқа да ұзақ сапар шеге алады. Бұл арада, мынаны атап айтқан жөн, «бә­рін кадрлар шешеді» деген көпшілікке белгілі сөз орамы шын­дық­қа толық сәйкес келеді. «Транс­Ойл» басшылығы атап көр­сеткенін­дей, компания қызметкерлерінің жо­­ғары кәсібилігі оның басты зияткерлік әлеуетін құрайды. Соның нәти­же­сінде ком­панияның жұмысы ор­нық­ты және қар­жылық жағдайы тұрақты. Команданың іске шын беріл­ген­дігінің нәтижесінде, компанияның тәжірибелі бас­шылығы мен акцио­нер­лерінің тарапынан таңдап алған бағыты бойынша, «Транс­Ойл» на­ғыз бренд болды. Оған мыңдаған қазақ­стандықтар мен кәсіпкерлер се­нім білдіріп отыр. Осы арада қа­зақ­стандық сақтандыру нарығының ізашар-түрен салу­шы­ларының ең­бек­терін ерекше атап айт­қан жөн сияқты. Олар өздерінің ерен ең­бектерімен еліміздің осы бағыттағы негізін қалады. Әлбетте, бұл оңай болған жоқ, қате­лік­тер мен қиын кезеңдер де болды, іс бары­сында қызметкерлер де шалт кетіп сүрінді. Алайда соған қарамастан жылдан жылға алға қа­рай нық қадаммен басып жетістіктерге жетті. Жетістікке жетудің сы­ры мы­на­да – сақтандыру нарығын­дағы ең тәжі­ри­белі ойыншылар ара­сындағы өзара кө­мек қолын созу көп жәрдемдесті. Атап айтарлығы, олар бір-бірін бәсекелес деп санаған жоқ, қапелімде кейбірінің аузынан мұндай сөз шығып жатса да реніш таныт­қан емес. Жоқ, олар жай ғана әріптестер, достар, көптен бері нарықта жұмыс істейді және бір-біріне кезі келіп жатса көмек қолын созады. «ТрансОйлдың» ортақ істегі әр­іптес­те­рі әрдайым мүдделі серіктестері әрі одақ­тастары ретінде на­рықтағы жалпы міндеттерін шешу кезінде жоғары жетістіктерге жетуге бек сенімді. Қызметкерлердің тәр­тіп­тілігі, жоғары кәсібилігі, өзіндік ойлау пайымы, сондай-ақ сала ар­да­герлерінің жол сілтеуімен білікті бас­шылық жүргізіп отырған іс ком­панияны қалыптасудың бар­лық қ­и­ындықтарын еңсеруге мүмкіндік бер­ді. Бүгінгі күні «ТрансОйл» өзі­нің жи­ырма жылдығын мығым командамен қарсы алып, болашаққа сеніммен қарайды. Өйт­кені, олардың алдарына қойған мақсат­тары – сақ­тан­дыру нарығындағы жетекші ком­паниялардың бірі болу. Бұған ұжым­ның басқа да серіктестері сенімді. Мұндай құрметке ие болудың сыры мынада – ол «ТрансОйлдың» ішкі корпоративтік құндылықтары. Ол бұдан 20 жыл бұрын пайда бо­лып, содан бері ком­па­ния­ның бар­лық өңірлік бөлімшелерінде дәйек­ті түрде қолдау тауып отыр. Компа­ния­ның негіз құрушы қағидаттарының арасында биз­­нестің мөлдірлігі мен ашықтығы, тек ең жоғары деңгейде қызметтер ұсынуға ұм­­тылу, алған міндеттемелерді мүлтіксіз ат­қару, сондай-ақ заңдылықты қатаң сақтау. Өзгеше сөзбен айтқанда, «Транс­Ойл­дың» клиенттері де, сондай-ақ серіктестері де орасан тәжірибеге және қызметтің жоғары сапасына шәк келтірмейді. Мұның бәрі олар­дың мүдделері мен мүліктеріне сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Компания басшылығы өз сақ­тан­ды­рушыларының мүдделерін қор­ғау­ға жіті қарауды назарға алған. Бұл өз кезегінде сақтандыру төлем­дері саясатын жедел жүзеге асыруды бейнелейді және тәуе­кел­дерді қайта сақтандыруды қорғаудың ба­бына келтірілген тетігі арқасында көрініс тауып отыр. Ірі тәуекелдерді орна­ластыру отандық сақтандыру нары­ғында жүзеге асырылуда, бұл жағ­дайда қайта сақтан­дыру бойынша серіктестермен қатынас сенімді әрі орнықты ынтымақтастық негізінде тұрғызылады. «ТрансОйлда» өздеріне көрсе­тіл­ген зор құрметті өте-мөте қадір тұтады. Ал құрмет көрсетушілер қа­тарында компанияның тұ­рақты клиенттері мен серіктестері бар екендігін ерекше атап айтқан дұрыс сияқ­ты. Серіктестермен мұндай ұзақ мерзімді және сенімгерлік қатынас­тардың пайда бо­луы бір жағынан, орнықты қаржы жағдай­ын, төлем қабілеттігін және компания се­нім­ді­лігінің уақыт тезінен өтуіне, ал екінші жағынан – жекелей алғандағы клиент­тің сақтандыру қорғанышы түйткілін шешу жағдайында дербес келуі ықпал етті. Компанияның екі он жылдық ішіндегі жұмысын ірі бизнестің, орта бизнестің он­­­да­ған мың өкілдері, сондай-ақ қатардағы жүз­деген мың қарапайым қазақстандықтар лай­­­­ық­ты бағалады. Өйткені компания ат­қа­рып отырған істерінің көзін шеберлікпен тапты. Өз кезегінде «Транс­Ойл» мұндай сенімді баға­лай­ды. Қазіргі кезде клиенттің қа­жет­­ті­лігіне барынша жақындау үшін сақ­тан­дыру компаниясының маман­дары ең жа­­ңа қолай­лы өнімдерді тынымсыз құру үс­тін­де, сон­дай-ақ нарықта сұраныс тап­қан сақ­тандыру бағдарламаларын өздеріне өз­гер­мелі жағ­дай­ларға байланыстырып бей­ім­дейді. Жаңа батыл бизнес-жобаларды іске қо­су үшін сақтандыру қандай мәнге ие бола­тынын ескере отырып, бүкіл елде жаңа жұмыс орындарын құру және эконо­ми­каны дамыту жолында тынымсыз тіршілік жасап жатқан «ТрансОйл» СК басшылы­ғына, компанияның барлық ұжы­мы­на осы айтулы күнде мықты денсау­лық, алдағы онжылдықтар белесінде тұрған оңай емес міндеттерді шешуде табыстар тілей отырып, сақтан­ды­рушылардың мүдделерін қорғап, сақтандыру нарығында жаңа жетістіктерге шығатындығына сенім мол. Бұл мереке біздің еліміздің Тәуел­сіз­дік күні қарсаңымен келіп отыр­ғаны тегін емес. Еліміздің экономикасы қарыштап дамып, басқа мемлекеттермен байланыс өрісі ке­ңейді. Көк­жи­егіміз ашық болып, талай асу­лар­ға шығатынымыз әбден анық. Тәуел­сіз Қазақстанның экономикалық қуат­тылы­ғы­ның тірегі – тәуелсіз компаниялардың ірге­тасы мызғы­май, жаңа жетістіктерге жетелей береді. Иә, осы компаниялардың ара­сында «ТрансОйлда» бар екендігін бүгін мақтанышпен айтуға болады. Танат ҚОЖМАНОВ. Суретте: «ТрансОйл» сақтан­дыру компаниясы» АҚ басқар­ма­сының төрағасы Мырзағали Ысмағұлов.