Кітаптардың ішіндегі ең көнесі – әйгілі орыс ақыны Лермонтовтың жинағы болып шықты. Туынды 1882 жылы реформаға дейінгі орыс тілінде жарық көріпті.
Мамандардың айтуынша, сирек кездесетін бұл кітаптар өте аз тиражбен шыққан және олардың көбі сыйға тартуға арналған экземпляр екен. Қазіргі уақытта архивариустар бұл кітаптардың кеншілер астанасында пайда болу тарихын зерттеу үстінде. Бір белгілісі – кітаптар кітапханаға жеке қорлар арқылы тапсырылған.
Абай атындағы балалар кітапханасының әдіскері Марина Подгайнованың айтуынша, кейбір кітаптардың мұқабасынан отбасылық аты-жөндер жазбасы табылған. Қазіргі таңда кітапхана қызметкерлері раритет кітаптар мен зұлмат жылдары Қарағанды облысы аумағына жер аударылған қуғын-сүргін құрбандары арасында қаншалықты байланыс болғанын анықтауға кіріскен.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ