«Ол Қазақстанның ет одағының төрағасы болып тағайындалғаны туралы ақпарат бар. Біз қазіргі кезде барлық салалық одақтармен әрі бірлестіктермен тығыз жұмыстарды бастадық. Осы орайда олармен бірлесе, салада қордаланған мәселелерді шешуге тырысудамыз», - деді Арман Евниев.
Оның сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалық кеңсені немесе ашық алаңды құруда. Оған сарапшылар мен бизнесмендер тартылады.
«Оның ішінде Асылжан Сарыбайұлы да бізге көмектесуде, бұл ретте ол өзінің ақыл-кеңесін береді», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Асылжан Мамытбеков министр лауазымында 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамыры аралығында болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанның аяғында А. Мамытбеков «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінен кеткендігі хабарланған еді.