Теннис • 30 Қаңтар, 2018

Астанада теннистен Дэвис кубогы өтеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпанның 2-4 күндері Астанада теннистен Дэвис кубогы өтеді. 

Астанада теннистен Дэвис кубогы өтеді

Әлемдік топқа қайта оралған Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде Швейцариямен кездеседі. «Дәулет» спорт көшеніндегі сайыстар жұма күні басталады. Бүгін команда капитандары мен ойыншылары тілшілермен жүздесті. Швейцария командасының капитаны Северин Люти бұл жолы жастарға сенім артатынын тілгі тиек етіп, жарысқа жақсы дайындықпен келгендерін жеткізді. Швейцария Генри Лааксонен, Адриан Бодмер, Марк-Андреа Хуслер, Антуан Бельер секілді теннисшілерге сенім артады. Қазақстан сапында Миxаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов және Тимур Хабибулин бар.

- Швейцария командасы өте мықты болып саналады. Роджер мен Станислас Вавринка келмегеніне біріншіден қуаныштымыз. Олар – мықты ойыншылар. Бірақ біз түсінеміз. Дэвис кубогында әр нәрсе болуы мүмкін. Бұл ойын өте маңызды, өте қиын болады деп ойлаймын. Бірақ біз барлық күшімізді тек ұтуға саламыз, - деді теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев.