19 Қараша, 2011

Кандидатуралар қаралды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтің басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды. Жекелеп алғанда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық сот­та­ры­ның төрағалары мен Батыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот ал­қасының төрағасы қызметтеріне тағайындауға кандидатуралар, Оң­түс­тік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясының орнынан кетуіне байланысты атқарып жатқан қызметінен босату жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс жасалды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 17:44

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 15:45