19 Қараша, 2011

Ынтымақтастық ахуалы сөз болды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов кеше Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремичпен кездесті. Әңгіме барысында тараптар  сауда-экономикалық қа­рым-қа­ты­настарды дамыту, оның ішінде агро­өнер­кә­сіп­тік сектор, фар­мацевтикалық сала­да­ғы ын­тымақтастықты да­мыту мәсе­лелерін, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көлік әлеуе­тін пайдалану мәсе­ле­сін талқы­ла­ды. 2011 жылдың 9 айында Қа­зақстан мен Сербияның ара­сын­дағы өзара сауда-сат­тық көлемі 7,7 млн. АҚШ дол­ларын құрады (оның ішін­де, экспорт – 3 млн., импорт – 4,7 млн.). Екі ел арасындағы тауар айналымының құрылымы, тау­ар­лардың үлес салмағы ғана өзгергені болмаса, ұзақ жылдар бойы тұрақты келеді. Сербияға жөнелтілетін қа­зақстандық экс­порт­тың но­менклатурасында ми­не­рал­ды өнімдер, машиналар, жаб­дық­тар,  механизмдер мен элек­­тр-техникалық жаб­дық­тар басым болса, Сербиядан Қазақ­станға жеткізілетін им­порттың негізін химия өнер­кәсібінің өнімдері, ағаш және ағаш өнім­дері, тоқыма өнім­дері, қағаз массасы құ­райды. Қазақстанда серб капи­та­лы­ның қатысуымен 10 шақ­ты бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен көтерме және бөлшек сауда,  тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттар құрылысы саласында қызмет етеді. «Егемен-ақпарат».