Уақыт талабына ілесуді міндеттейді

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын мұ­қият оқып шыққаннан кейін елі­міз экономикасының осынша дамы­ған­дығына көз жеткіземіз және көңіл түкпіріндегі мақтанышымызды да жасыра алмаймыз. Айналдырған 26 жылдың ішінде экономикада да, саясатта да сөзімізді ешкім жүре тыңдамайтын, санасатын мемлекетке айналдық. Міне, бұл жүрегі Отаным деп соғатын кез келген қазақстандықтың алдағы күнге сенімділігін арттыратын жағдай екені даусыз. Әлем даму, алға жылжу үстінде. Бірақ яғни төртінші өнеркәсіптік революция шарттарына ілесуге кез келген елдің қолы жете бермейді.  

 
Егемен Қазақстан
02.02.2018 908

Еліміз тәуелсіздігін алғанда біз де бала емес едік, институтты енді бітір­ген бозбала шағымыз болатын. Социа­листік қоғам құрған жоспарлы эко­номика ыдырап, оның зардабы ауыл шаруашылығына көп ауырлық әкел­генін ешкім ұмыта қойған жоқ. Көп­теген шаруашылықтар ұстаған­ның қолында, тістегеннің аузында кетті. Ауыл шаруашылығында дағдарыс бас­талды. Адамдар ауылдан қалаға көш­ті, аңтарылып не істерін білмей қи­н­алды, оның арты жұмыссыздыққа соқты. Осының барлығын жас та болсақ көзімізбен көрдік, оның қиын­дықт­арын өзіміз де бастан өткер­дік. Бір қоғамнан екінші қоғамға, жос­пар­лауға негізделген экономикадан сұр­а­нысқа жұмыс істейтін нарыққа көшу­дің барлық қиындықтарын бастан кешіп қана қоймай, жеңдік десек болады. Менің әкем Жанаәбіл 90-жыл­дары жоғары оқу орнын бітірген балалары­ның жұрт секілді қалаға кетуіне сонша ықыласты болмады. «Балам, малдан айырылмаңдар, қазақты мал асыраған», деді. Әке сөзін жерге тастамай, ауылда қалдым, мал басын сақтап қалдық, ди­қан­дықты да тастамадық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын халыққа арнаған Жолдауларында экономиканы дамытудың нақты бағы­тын сілтеп, алға жетелеп отырды десем, артық емес. Оның ішінде ауыл шаруа­­шы­лығында мал басын асыл­дан­дыру мен егін шаруашылығына озық тех­нологияларды енгізуге күш салдық. Қуатты, озық техникалар алдық, оған мемлекеттің көмегі де аз болған жоқ. Әңгіме қазақ баласы­ның мал бағуында емес, малды қалай бағуында болды. Нұрсұлтан Әбішұлы осы Жолдауындағы «Ақылды технологиялар – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деп аталатын үшінші басымдықта «Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үй­рендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда ол жеткіліксіз», деп атап өтті. Біз мал бағу­ды да үйрендік, бірақ ол да жет­кі­­лік­сіз. Ауыл шаруашылығының осы екі саласына да жоғары өнімді­лік, эко­логия­лық таза өнім өндіру, экспорт­тық әлеуетті күшейту міндеттері тұр. Оған мой­ны озық елдерден үйрену мен ғы­лым жетіс­тіктеріне мойынсұну, оны тәжі­ри­беге енгізе білу үшін ізденістер керек. 

Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайында даму салаларды цифрландыруды міндеттейді. Оның қандай жетістік екенін өзіміз көріп отырмыз. Біздің шаруашылықтарда қазір ірі қара­ның цифрландырылған төрт жайы­лымы бар. Бірнеше гектар шөбі құна­рлы жайылым электрлендірілген сым­дармен, бағандармен қоршалады, қор­шау­дың ішінде мал суаратын скважина, табиғи қалыпқа жақындатылған, мал сүйкенетін бағандар орнатылған. Сиыр­­лар жайылып келіп, су ішеді, күй­­сейді, оның салмақ қосуына толық жағ­дай жасалған. Бейнекамера орна­тыл­ған, малға ешкім тиісе алмайды. Ал бұрын қалай еді? Бір табын сиыр­ды екі бақташы бағады, бұл жерде олар­дың шаруашылыққа, малға жана­шырлығы әртүрлі болатын. Кейде жайы­лымға ұзатып жаймайды, кешке ерте қораға айдап әкеліп тығады, таң­ер­тең салқынмен ерте шығармайды, ұйық­­тап қалады, мал ұрлығы да болмай қалмайтын. Әртүрлі жағдай­ға кезі­гіп отыратынбыз. Ал ол екеуіне айына 100 мың теңгеден төлейміз, жылына 1 миллион 200 мың тек екі бақ­та­шының айлық жалақысына кетіп оты­рады. Ал мына цифрландырылған жайылымды жасауға осы қаржының жартысы да кетпейді, оның есесі­не қан­шама қаржы үнемделеді, ең­бек жеңіл­дендіріледі. Қазақстанның сол­түстік облыстарындағы кең жеріміз­дің кез келген жерінен осындай цифр­ландырылған жайылым жасау­ға болады, оны тым аздырмай, шөбі шүйгін жерлерге көшіріп отыруды шаруа­шы­лықтар өзі шешер еді. Ізден­ген кәсіпкерге қазір бәрін де жасауға мүм­кін­дік бар ғой. Ертеде аталарымыз да жа­йы­лымды реттеп отырған жоқ па еді? 

Цифрландыруды жылқы шаруа­шылығына, түйе шаруашылығына да пайдалан. Ұзын аяқты мал өрістеп жайылады, түз тағысы, адамның қасқыры бар дегендей, ұрлық та аз емес. Цифр­­ландырылған шаруашылықта мал ұр­лығы да болмайды, мал иесі ү­йд­е отырып, чиптелген айғырдың үйірі қайда жүргенін біліп отырады. Егін шаруа­шылығында да осы озық технологияны молынан пайдалана бастады. Қазір егін шаруашылығын цифрландырғанда осы науқанға кететін шығынды 30-40 пайызға дейін үнемдей аламыз. Комбайн астықты орып келе жатып, алқапта ешқандай уақыт шығын етпей тасымал машинасына бункердегі астықты құяды. Ал тасымал көлігі еш жаққа бұрылмай, тура элеваторға немесе шаруашылықтың қырманына бет түзейді. Өйтпеске амалы да жоқ, өйткені кеңседе тасымал машинасының қай шақырымда кетіп бара жатқаны кәсіпкерге, диспетчерге мәлім. Ал бұрын астық комбайн бункерінен бір ұрланатын, одан астықты тиеп алған тасымал машинасын қарап тұрған ешкім жоқ, ол элеваторға дейін үйіне, таныс­тарына соғады, қорабындағы қызыл дән­­нен малына деп бір-екі қабын, тауы­ғына деп бір-екі қабын тастайды. Жұ­мыс ырғағында осындай көріністер жиі орын алатын. Бір жағынан уақыттан ұты­латын едік, екіншіден ысырапқа жол бе­ре­тін­біз. Астық шаруашылығын цифрлан­дыру – егін егу науқанын да, жинау нау­қ­анын да тез арада бітіруге ұмтылу де­г­ен сөз. Ауыл шаруашылығында үнем­делген уақытты табыс деп түсіне бер. 

Ауыл шаруашылығын цифрлан­дыру­дың қарапайым адамдар екінші жағын да айта бастады. Иә, ол рас, шаруашылықты компьютерлендіру адам атқаратын жұмыстарды азайтады. Мал шаруашылығында мыңдаған бас ірі қараны бір немесе екі адам ғана бағады. Ал бұрын оған ондаған малшы керек болатын. Енді жұмыстан босап қалған жандар өмірде дымсыз қалғандай жүрексінеді. Олай қорық­пау керек. Оларды қажетті іске қайта даярлау ісі жүргізіліп те отыр емес пе? Ал мемлекеттің ауыл шаруа­­шылы­ғындағы көптеген бағдар­ла­ма­лары дәл осы босаған адамдарға арнал­­ған. «Сыбаға», «Құлан» сияқ­ты толып жат­­қан жеңілдіктер қарас­ты­рыл­ған бағ­дар­ламаларды пайдаланса жұмы­с­­сыз қалатын ешкім жоқ. Бізде адам­дар­ға осы мәселені түсіндіруіміз керек, мұн­дай жұмыстар жергілікті жерде жүріп те жатыр. Ерінбеген, ең­бек­тенген жан жұмыс нәтижесін көреді. 

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытсақ, оның өнімін экспорттау әлеуеті де өседі. Мысалы, Қостанай облысы Ресейдің өндірісті қалаларымен шектеседі. Солардың барлығына ет керек, сүт керек. Біздің нарығымыз қасымызда. Маған ауылдың әлеуметтік жағдайы туралы сұрақтар жиі қойы­лады. Елбасы Жолдауларында алдымен еліміздің индустриясын дамыту мәселелері қаралғаны бел­гілі. Өндіріс экономиканың флагманы болып қала береді. Енді ауыл шаруашылығына да кезек келе жатыр. Елбасы ауыл шаруа­шылығын экономиканың драйвері, қозғаушысы екенін айтып келеді. Мысалы, Торғай өңірінде Ақшығанақ деген ауыл бар. Сонда қазір 4 мың ірі қара, 4 мың жылқы, 15 мың уақ мал бар. Бірақ жол жоқ, әлеуметтік жағдай керемет болып тұр деп айта алмаймыз. Облыс орталығынан тым қашық. Бірақ сол ауылда босап қалған бір де үй жоқ, тұрғындар кетіп жатқан жоқ. Алдағы уақытта ауыл адамдары сол жерді гүлдендіреді, керемет үйлер де салынатын болады. Торғай өңіріндегі де, Тобыл өңіріндегі де алыс ауылдарда қаладағыдай еңселі үй салып алғандар қатары көріне бастады. Мүмкін ауыл біз көргендей емес, басқаша дамитын болады. Оны жастар жасайды, менің оларға сенімім мол. 

Ауыл шаруашылығын барынша цифрлы дамыту, компьютерлендіру алдағы уақытта тек дамуға бастайды. Әрине қандай өнеркәсіп революциясы, компьютерлендіру ісі өздігінен алға баспайды. Ол тек ізденістің, еңбектің арқасында мүмкін болады, уақыт талабына ілесе білуді білсек болғаны. Сондықтан қандай даму болғанда да еңбек өзінің құндылығын жоймайды. Еңбек бәрін де жеңбек.

Алмат ТҰРСЫНОВ,
«Қарасу» АӨК» ЖШС 
бас директоры,
Қазақстанның Еңбек Ері

Қостанай облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу