Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фауна» түйеқұс фермасы» ЖШС басшысы Евгений Чайковскийдің тіршілігі айтуға тұрарлық
Ұлы дала самалымен көк байрағымыздың асқақ желбірегеніне, тәуелсіздік атты тәтті сөздің санамызға сіңгеніне 20 жыл. Осы уақытта Елбасының айрықша көңіл бөлуі арқасында ауыл шаруашылығын реформалау қарқын алды. Саладағы мүмкіндіктер нақтыланып, өнім өндірушілерге жағдай жасалды. Елді мекендер абаттандырылып, жол жөнделді. Әлеуметтік нысандар жаңарды, жақсарды. Евгений өткен жолын осылай әңгімелейді. Тәуелсіздіктің жемісі нәтижесінде алыс-жақынмен экономикалық байланыс орнатылды. Алыс-беріс, тәжірибе алмасу басталды. Бельгия, Голландия, Италия мемлекеттері шаруагерлерімен байланысқа шығып, түйеқұс өсіру тәжірибесін зерттеп-білуім нәтиже берді. Бөлек селолық округіне қарасты Әймен елді мекенінен 2001 жылы 120 гектар жер телімін алып «Фауна» түйеқұс фермасы» ЖШС-ін құрдым. Көктемде-ақ, мемлекеттен алған несиеге қоражай, тұрғын үй жағдайымды жасап, құстың жем-шөбіне қажетті дақыл мен көкөніс сеуіп, мол өнімге кенелдік. Жаз ортасында шетелден әкелінген 150-дей түйеқұс балапандарын жергілікті жағдайға бейімдеу тәжірибесін бастап кеттім. Қиындықтар кездесті. Міне, содан бері 10 жыл өтті. Бүгінде «Фауна» табысты өндіріс көзіне айналып отыр. Рынокта түйеқұстың жұмыртқасы, балапаны, терісі мен қауырсыны үлкен сұранысқа ие. Мәселен, жұмыртқасы мен балапанына Алматыдағы мейрамханалар көптеп тапсырыс береді. Фермерлер мен шаруагерлер де сатып әкетеді. Өнеркәсіпте терісі мен қауырсыны бағалы шикізат болып саналады. Бизнестің өз құпиясы бар. Оны сақтау да заңдылық. Әрине, бәрін тәптіштемейін. Десек те, пайдасына қарай жем-шөп, күтімі, шығыны да көп. Бойының ұзындығын есептегенде 3 метрге жететін түйеқұсқа күніне түрлі көкөніс, асқабақ, сәбізді қосқанда 15-20 кило азықтық өлшем қажет. Баптау, аялауды құс өсірушілер Иосиф Левицский, Роза Суюнова, Қайратбек Қуанбаев тәрізді жандар қолға алып, табысқа жетуге өзіндік үлестерін қосып отыр. Серіктестікте арпа-бидай, жүгері, жоңышқа, көкөніс өсіріледі. Ауылшаруашылық құрал-жабдық, трактор, жүк көліктері бар. Міне, тәуелсіздік таңы әр адамның еңбек ету қабілетін шыңдады. Бейбіт аспан астында кездескен қиындықты жеңдік. Отбасымдағы бірлік-береке, бақ егемендік әкелген құндылықтар екенін түсінеміз. Әркез оны қадір тұтып, қазақ халқының қонақжайлығына, достық пейліне бас иеміз. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.
Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 21:27
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35