Қостанайда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнама жобасы талқыланды. Партияның бұл аса маңызды құжаты «Халық дауысы» акциясының барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде әзірленді. Акцияға миллионнан аса қазақстандықтар қатысты.
Олардың қатарында қостанайлықтар да белсенділік танытты. Тұғырнама жобасына экономиканы дамытып, әр қазақстандықтың өркендеген елде өмір сүруін қамтамасыз ету негізгі өзек етіп алынды.
– «Нұр Отан» Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ мерзімдік мақсаттарын іске асыратын басты саяси орталық болып табылады. Экономика құлдыраған 90-шы жылдар мен бүгінгі нығайған Қазақстанды салыстыру келмейді. Айналасы жиырма жылдың ішінде экономикасы тұрақты, әлеуметтік көркейген елге айналдық. Оған қостанайлықтардың қосқан үлесі қомақты, – деп атап көрсетті жиынға Астанадан арнайы келіп қатысқан партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.
Партияның облыстағы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде сөз алғандар өңірде жүзеге асырылған істерді тілге тиек етті. Өндірісі де, ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып отырған Қостанай облысы биыл 8 миллион 700 мың тоннадай астық бастырды. Сонымен қатар, нұротандықтар қатарының көптігі және партияның жергілікті ұйымдарын материалдық-техникалық нығайту жөнінен де Қостанай жетекші өңірдің бірі.
«Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов өз шаруашылығында еңбек ететін мамандардың басым көпшілігі жастар екенін, өзі ауыл жастарына мүмкіндігінше әлеуметтік жағдай жасап отырғанын айта келіп, ауылда инфрақұрылымды дамытуды, әлеуметтік нысандарды көптеп салуды ұсынды.
Н.Нығматулин партияның сайлауалды тұғырнама жобасына нақты тоқталып өтті. Онда 2020 жылға дейінгі жүзеге асатын істер нақты, тиянақты көрсетілген. Халықтың денсаулығын жақсартуда, жолдар салып, білім сапасын көтеруде нақты істер атқарылады. 400 мектеп салынады. Мектепке дейінгі мекемелер саны екі есе арттырылады. Ал бұл жөнінен Қостанай облысы тамаша үлгі болып саналады. Қазір өңірдегі бүлдіршіндердің 90 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге қамтылған. Нұрлан Зайроллаұлы мұндай көрсеткіш тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде жоқ екенін жеткізе отырып, облыс әкімі Сергей Кулагинге рахмет айтты.
Н.Нығматулин келер жылдың 15 қаңтарына белгіленген сайлаудың өңірде ынтымақты, тиянақты өтетініне және партияның сайлауалды тұғарнамасы жобасының әр ұжымға, әр үйге, әр адамға жететініне сенім білдірді. Өңірлік саяси кеңестің кеңейтілген мәжілісінде ардагерлер мен өнерде, спортта, бизнесте табысқа жеткен қостанайлықтарға партия билеті табыс етілді. Сонымен қатар, партияның ХІV съезіне баратын делегаттар анықталды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Қостанай.

Тоқаев Ерлан Қошановқа алғыс айтып, AMANAT-тың тарихи шешімін жоғары бағалады
Саясат • Бүгін, 22:18
Әлем кубогы: Қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды
Спорт • Бүгін, 21:55
Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: Фанаттар автобусты өртеп жіберген
Әлем • Бүгін, 21:49
Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10