22 Қараша, 2011

Қашанда халықпен бірге

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиалы саяси кеңесінің мә­жілісі өтіп, оның жұ­мысына саяси кеңес, бюро мүшелері, пар­тиялық бақылау-тексеру комиссиялары, аудан­дық және қа­лалық партия филиал­да­ры төрағаларының бірінші орын­ба­сар­лары, өңірдегі департамент, басқарма басшылары қатысты. Кеңесте облыстық филиал төр­ағасы, облыс әкімі Аңсар Мұ­саханов саяси кеңес мүшелері мен партия белсенділері сайлау­ал­ды тұғырнамамен танысып, оны тал­қылауға белсене қаты­суы­на назар аударды. Жаңа за­ман­­ның тала­бы­на сай тұғыр­намада алдағы бес жыл­дың негізгі тоғыз шешуші бағыты ұсы­нылған екен. «Нұр Отан» ХДП сайлауалды халықтық тұғырнамасының жо­ба­сы туралы» партияның облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошам­бе­ков баяндама жасап, өткен мерзімдегі атқарылған жұмыстарға тоқ­талды. Жарыссөзге шыққан Панфилов ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП Панфилов аудандық фи­ли­алы­ның төрағасы, саяси кеңес мүшесі Ермек Келемсейіт, Қап­ша­ғай қалалық білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас­ты­ғы Рысалды Ешімова, партия мүшесі, Талдықорған қалалық ау­ру­ха­на­сының хирургі Жеңіс Ахметбеков, «Жар су» ком­пания­сының президенті, облыстық мәс­лихаттың де­пу­таты, партия­ның Іле аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Усейн Қасанов, партия мүшесі, Өтеген батыр кен­тіндегі №13 орта мектеп ди­рек­торы Ғалия Нәдір­бекова, тағы басқалар партияның саяси жетекшілігімен атқарылған жұмыс­тар­ға баға беріп, өз міндеттеріне қа­тысты қол жеткен та­быс­тарға ке­ңі­нен тоқталды және пар­тия­ның сайлауалды тұғырнама­сы­ның ба­ғыт-бағдарын саралап, алдағы уа­қытта атқарылар жұмыс жүйе­сіне қатысты межелерді айқындады. Жиналғандар алдында Парламент Сенатының Халықаралық қа­тынастар, қауіпсіздік және қор­ға­ныс комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов бүгінгі жаңарған қоғам­дағы қалыптасқан саяси және қоғамдық ахуал жайлы ой өрбітті. Отырыста «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІV съезіне баратын делегаттардың тізімі жарияланып, партия мүшелерінің қолдауына ие болды. Енді партия өз беделі мен сенімі нәтижесінде халықтың қол­дау­ын иелену үшін білек біріктіріп, жұ­мыстарын жалғастыратын болады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.