22 Қараша, 2011

Бағыт айқын, мақсат бір

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Бұл жиылысқа «Қазақстан халық банкі» АҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов қатысты. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттардың сайлауларын көшбасшы партия ретінде «Нұр Отан» да бірден назар аударып, алдағы науқанға то­лық­тай дайын екенін мәлім етті. Мақсат – «Нұр Отан» партия­сы­ның әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Кеңейтілген отырыста сөз ал­ған облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының сай­лау­лары маңызды саяси шара екенін айта келіп, елдегі ең ықпалды саяси күш – «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасына жан-жақты тоқталып өтті. Бұл жоба 9 бағыттан тұрады. Ал тұғырнамадағы басым бағыттардың бірі – индустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сын­дағы іске асырылуы қолға алынған міндеттер мен тапсыр­малар болып табылады. Қалалар­дағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде ауқымды істер басталды. Облыстың ауыл­дарында тұрғын үйлер бой кө­те­руде. Тұғырнаманы талқылауға қа­тыс­қан партияның жергілікті фи­лиалы төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина, партия саяси кеңесінің мүшесі, ректор Ерлан Арын және басқалары сайлауалды тұғырнама туралы өз ойларын ортаға салып, оны ел дамуына қыз­мет ететін бағдарламалық ма­ңызға ие құжат ретінде бағалады. Жиында 25 қарашада Астанада өтетін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезіне өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып жүрген бірақтар партия мүшелері делегат болып сайланды. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.