22 Қараша, 2011

Толық дайындықпен барады

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шымкент қаласында өткен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі төр­ал­қасының көшпелі мәжілісінде партияның сайлау алдындағы съезін 27 қарашада Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. 9 қарашада партияның кезектен тыс өткен ІХ съезінен кейін ҚДП орталық органдары фи­ли­ал­­дар­дағы партия мүшелерінің үлес салмағы бойынша қалып­тас­ты­рыла бастады. Нәтиже­сін­де, «Ақ жолдың» орталық бас­шы­лығының құрамы бұрын­ғы­дай Астана және Алматы өкіл­де­рі­нің басым­ды­ғы­мен емес, жаңа басшылық Алма­ты, Ақтөбе, Шы­ғыс Қазақстан, Қарағанды, Қы­зыл­орда және Оң­түстік Қазақ­стан облыстарының аймақтық лидерлері басымдыққа ие болып құрылды. Осыған бай­ла­нысты, пар­тия орталық орган­дар­дың көшпелі мәжілістерін ірі партия ұйымдарында өткізетін тәр­тіп­ті енгізді. Алғашқы осын­дай мә­жі­ліс «Ақ жол» пар­тия­сының 25 мың­нан астам мүшесі бар Оң­түстік Қазақстанда өтті. Төралқа кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысу туралы мәселені қарап, партияның кезектен тыс съезінің өткізілетін күні мен уақытын белгіледі, делегат­тар­дың өкілдік нормасын анықтады. Облыстық филиалдардың төр­аға­ларына 26 қарашаға дейін съезд делегаттарын сайлау жөнін­де «Ақ жол» ҚДП облыстық кон­фе­ренцияларын ұйымдастырып, өткізу тапсырылды. Бұдан басқа, бұл конференцияларда делегаттар дәл осы мерзімде кезектен тыс сайлау өтетін жергілікті мәсли­хат­тарға ұсынылатын, партия кан­дидаттарының тізімін бекітуі тиіс. Төралқа сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП сайлауалды тұғыр­нама­сы­ның жобасын қарады және ша­қырылып отырған партия съезіне енгізу үшін оны ширата түсу жөнінде ұсынымдар берді. Партия төрағасы Азат Перуашев өзінің сөзінде: «Ақ жол» пар­тиясы сайлауға мықты ұйымдық құрылыммен және іс-әрекеттің нақты бағдарламасымен, толық жұмылдырылған дайындықпен шығады», деп атап өтті. Бақтияр ТАЙЖАН. Шымкент.