2018 жылдың 13 ақпанынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ («ҚДКБҚ» АҚ) «Қазинвестбанк» АҚ-тың активтері мен міндеттемелері «Альфа-банк» ЕБ АҚ-қа өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын «Қазинвестбанк» АҚ-тың жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды.
Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен төлем бойынша агент банк болып «Банк ЦентрКредит» АҚ тағайындалды. Осы банк барлық филиалдар жүйесі арқылы соның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларында жеке тұлғалардың өтінішін қабылдап, қарастырып, «ҚДКБҚ» АҚ атынан және есебінен кепілдік берілген өтемді төлейтін болады.
Жеке тұлғалар үшін кепілдік берілген өтемді төлеудің үш нұсқасы қарастырылған:
• «Банк ЦентрКредит» АҚ қассасынан қолма-қол ақшамен;
• жеке тұлғаның «Банк ЦентрКредит» АҚ қолданыстағы банктік шотына немесе депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы басқа банкке аудару;
• өтемнің сомасына «Банк ЦентрКредит» АҚ депозит ашу.
Өтем алу үшін тек жеке куәлік пен бекітілген форма бойынша толтырылған кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініш болуы тиіс. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшелерінен алып толтыруға немесе «ҚДКБҚ» АҚ веб-сайтынан жүктеуге болады. Әрекет ету құзыреті
нотариалды кепілдік берілген өкілі арқылы өтемді алуға болады.
Жеке тұлғалары «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа 6 айдың ішінде өтініш беруге құқылы. 6 ай өткеннен кейін төлемді алу үшін жеке тұлғалар тікелей «ҚДКБҚ» АҚ-қа өтініш бере алады.
«ҚДКБҚ» АҚ кепілдігі депозиттердің барлық түрлерін, ағымдағы шоттары мен төлем карталарындағы ақшаны қамтиды. Жеке тұлғалар «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген ең жоғары мөлшерде өтемді алуға құқылы:
• теңгедегі депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін (кепілдік берілген өтемді төлеуі теңгемен есептеледі).
Қосымша ақпарат – «ҚДКБҚ» АҚ ресми интернет сайтында: www.kdif.kz. «ҚДКБҚ» АҚ мамандарынан ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40 / 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ агент банк филиалдарының жұмысы туралы сұрақтар бойынша: 505 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), 8 (727) 244 30 30; www.bcc.kz.