Спорт • 08 Ақпан, 2018

Шығыстан Оңтүстік Кореяға 12 спортшы аттанды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыстан Оңтүстік Кореяға 12 спортшы аттанды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII Қысқы Олим­пиада ойын­да­рының шы­мылдығы түріледі. Әрине төрткүл дүние көз тігетін дү­бірлі додада еліміз негізінен қыс­қы спорт түрлері қанат жай­ған Шығыс Қазақстан об­лы­сы­ның спортшыларына сенім ар­татыны белгілі. Сонымен бай­рақты бәсекеге Шығыстан кімдер барады?

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәлі­меттеріне сүйенсек, төрт жыл­дықтың негізгі сайысында ұлттық құрама сапында Шы­ғыс Қазақстанның 12 спортшы­сы спорттың 4 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Олар: Алексей Полторанин, Еле­на Ко­ломина (екеуі де Рид­дерден, шаңғы жарысы), Дмитрий Рейхерд (Өскемен, фрис­тайл-могул), Юлия Галы­шева, Павел Колмаков, Аяу­­лым Әміренова (үшеуі де Өске­меннен, фристайл-могул), Галина Вишневская (Семей, биа­тлон), Сергей Ткаченко (Рид­дер, шаңғымен трамплин­нен секіру), Виталий Витенко, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко және Василий Под­корытов (төртеуі де Риддерден, биатлон).

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы