Қаржы • 08 Ақпан, 2018

Табиғи монополиялар саласын дамытуға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылға дейін табиғи монополиялар субъектілері жаңғырту жұмыстарына 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәжілістегі «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын таныстыру барысында айтты.

Табиғи монополиялар саласын дамытуға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылады

«Министрлік 2015 жылдан бастап инвестицияға тартуға қатысты ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатыр. Табиғи монополиялардың барлық субъектілері бес және одан артық мерзімдегі шекті тарифтерге көшірілді. Бұл халық пен заңды тұлғалар үшін тарифтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2021 жылға дейін бес жылға болжанып отырған инвестициялардың жалпы сомасы  2 трлн теңгеден асады», - деп мәлімдеді Серік Жұманғарин.

 Атап айтқанда, электр энергиясын тарату саласындағы инвестициялар 500 млрд теңгеден асады, сумен қамтамасыз етуге - 100 млрд теңгеден астам, жылымен қамтамасыз етуге - 200 млрд теңге, газды тасымалдауға - 500 млрд теңге, теміржол саласына 600 млрд теңге қарастырылған.