Аймақтар • 08 Ақпан, 2018

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Екібастұзға барды

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев – «Богатырь» ЖШС және  «Евроазияттық  Энергетикалық корпорация АҚ» қа қарасты «Шығыс»,  Баянауылдағы «МайкөбенВест» ЖШС көмір кеніштерін аралады. Сапар барысында  облыс әкімі Болат Бақауов  бірге жүрді.  

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Екібастұзға барды

- Екібастұзда жиын өткізіп, осы жердегі жағдаймен таныстық.  «Шығыс» және  «Богатырь»  кеніштері екі жылдың ішінде қуаттылығын арттырған.  Аяз салдарынан кейбір өңірлерде көмір тапшылығы туындаған еді. Екібастұздық кеніштер тоқтаусыз жұмыс жасаған. Үкімет отырысында әкімдерге тапсырма да берілді. Мәселе бақылауда,-дейді Бозымбаев.

- Өткен жылы көмір кеніші тұтынушыларға 40 миллион 900 мың тонна көмір жеткізген.  Көмірдің 60 пайызы экспортқа жұмсалса, қалған 40 пайызы еліміздің ішкі нарығына жіберіледі. Биылға 41  миллион тонна көмір өндіру жоспарланып отыр , - дейді «Богатырь көмір» ЖШС-нің бас директоры Марат Абдығұлов.

– Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бағасы бір тонна үшін  2133 теңге. Басқа өңірлердегі көмір тапшылығына байланысты жайлардың «Богатырь» кенішіне қатысы жоқ.  Өйткені,біздің тұтынушыларымыз - ГРЭС,-тер, Жылу  орталықтары, қазандықтар,-дейді. 

  Жалпы, кәсіпорын көмірмен Павлодар, Солүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын қамтамасыз етеді. Биыл циклді-ағымды технология бойынша көмір өндіру қайта  қалыпқа келтірілді.  2021 жылы алғашқы, 2023 жылы екінші кезеңі аяқталады. 2019 жылы «Богатыр» кенішінде байыту фабрикасын іске қосылмақ.

 Ал,   «Шығыс» кенішінің басшылығы Қ. Бозымбаевқа  тұтынушыларға көмір тасымалдау бойынша қиындық туындамайды деп мәлім етті. 

 -  2017 көмір өндіру 17 миллион тоннаны құрады. Барлық инфрақұрылымды дамыту бойынша  жоспарлар бар. Инвестициялық жобалар жалғасуда. Қазіргі күні бізде әкімшілік-тұрмыстық комбинаттың құрылысы жүргізілуде. Корпорация Екібастұзда тұрғын үй құрылысын жүргізуде,-деді кеніш директоры Юрий Гончаров.

Кеніш биыл  түйіршіктелген көмір бойынша жаңа желіні іске қосуды жоспарлауда. Бұдан көмірді аз  жағу арқылы жылуды көбірек алуға болады.

 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Сурет: баспасөз қызметінен