Аймақтар • 08 Ақпан, 2018

Мақтаралда биыл 8 мектеп пайдалануға беріледі

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі, тұрғындар саны 305 мыңға жуық Мақтаралда әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны бәсеңдеген емес.

Мақтаралда биыл 8 мектеп пайдалануға беріледі

Мысалы, өткен жылы жалпы құны 8,9 млрд. теңгені құрайтын 4700 оқушыға арналған 12 мектептің құрылысы басталып, оның 3-еуі оқу жылы қарсаңында ел игілігіне берілген. Ал биыл 8 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы 2 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт, Қарақай, Мақталы ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимараттарының да ресми ашылу салтанаты өткен болатын.

Аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың айтуынша, 2007 жылы аудандағы мектептердің 50-і ғана типті ғимараттарда орналасқан болса, қазіргі таңда олардың саны 99-ға жеткен. Аудан басшылары құрылыс жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізу арқылы алдағы 3-4 жылда білім беру нысандарын толықтай типті мектептерге айналдыруды көздеп отыр.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы