Қазақстан • 09 Ақпан, 2018

Карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы халықаралық байқауда «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің қаласында өткен «Best humor artist award – 2017» халықаралық байқауында «Егемен Қазақстан» газетінің суретшісі, карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды.  

Карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы халықаралық байқауда «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды

Әлемнің шартарапынан жүздеген суретші қатысқан бай­қауға әр қылқалам шебері жүз суретін жіберген. Солар­дың арасынан жиырма же­ті адам үздік деп баға­лан­ған. Жүлдегерлер ара­сында Адриан Палмас (Ар­гентина), Алексей Тали­монов (Ұлыбритания), Ас­­кин Айранчиоглу (Түркия), Корнел Чиореан (Румыния), Дарко Држевич (Черногория),  Эмилио Иска (Италия), Эрай Өзбек (Түркия) Фируз Ку­талмиш (Норвегия), Капуста Николай (Украина), Махмуд Бархордар (Иран) секілді қылқалам шеберлері бар. Бір қызығы, Қытайда өткен бұл байқауда жүлдегерлердің арасында бірде-бір Қытай азаматы жоқ. Мультипликаторлар федерациясының халық­ара­лық ұйымы ұйымдастырған байқауда әлемнің үздік суретшілері төрелік еткен.
Карикатура – қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға сы­ни-әлеуметтік көзқарасты білдіретін өнер. Соңғы уақыт­тар­да карикатура орындалу жағынан да біршама дамып, өз өкілдеріне де жоғары талап қоя бастаған. Иран, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Бельгия, Әзербайжан, Хор­ватия сияқты мемлекеттерде өте жақсы дамыған бұл өнер­дің түрінен жылына бір­неше үлкен конкурс­тар ұйымдастырылады. Мың жарым адамға дейін қатысатын бұл сайыстарда үздік жүздікке кірудің өзі үлкен жетістік. Ай­дарбек Ғазизұлы қазақ карикатурашыларының ішінде әлемдік сайыстардан жүлдегер болып жүрген санау­лы өнер иелерінің бірі. 

Айдарбек Ғазизұлының кезекті жеңісімен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейміз!

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»