Аймақтар • 09 Ақпан, 2018

Атырауда Жайық өзенінің үстін­де сан түрлі сайыстар ұйымдас­тырылады

42 реткөрсетілді

Әр сенбі мен жексенбі сайын Жайық өзенінің үстін­де сан түрлі сайыстар ұйымдас­тырылады. Қалалық спорттық ойындар фестивалі, шанамен сырғанаудан облыстық чемпионат, балалар арасында коньки мен шаңғы тебуден жарыс сынды шараларға қатысушылардың саны да көп. Бұқаралық спортты дамытып, халықтың демалуына жайлы жағдай жасау мақсатында мұз үстінде арнайы орындар жасалды. 

«Бейбарыс» хоккей командасы да бұл бастамадан тыс қалмай, жас жанкүйерлеріне шеберлік сағатын өткізді. Оған 400-ге жуық қала тұрғы­ны қатысты. Команда түгел құрамда балаларды хоккей ойы­нының қыр-сырымен таныстырды. 

– Біздің мақсат – хок­кейді дамыту. Жастарды спорт­пен шұғылдануға баулып, үлгі көрсету. Бар­лық құраммен бү­гін шебер­лік сағатын өткіздік. Өте қуа­­ныштымыз,–дей­ді ко­манданың бас жаттық­ты­рушысы Алек­сан­др Истомин.

Шайбалы хоккей­ден елі­міздің чемпионы атанып жүрген «Бейбарыстың» балаларға ар­налған мектебі де бар. Онда жергілікті жас хоккейшілерді дайындауға ден қойылып отыр.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар