Қазақстан • 09 Ақпан, 2018

Қазақстан армиясы: күшейіп, қуат жинау жолында

971 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Қарулы күштерді құру, нығайту және толықтай қалып­тас­тыру – бұл бірнеше жыл мен біршама күш салуды талап ететін, мехнаты мен машақаты мол, аса күрделі, ұзаққа со­зы­латын процесс. Дегенмен, біздің еліміз Президент, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығы арқасында қысқа мерзім ішінде жаңадан әскери қабілетті армия құрып, оны аяққа тұрғыза алды. 

Қазақстан армиясы: күшейіп, қуат жинау жолында

Бүгінгі таңда заманауи қарумен, техникамен жарақтанып, күш-қуат жинаған ол тәуелсіз республиканың мақтанышы әрі берік қалқаны болып отыр.

Осының барлығы қалай бас­талып еді? Нұрсұлтан Назар­ба­ев өзінің таяуда ғана жарық көр­­ген «Тәуелсіздік дәуірі» ат­ты кітабында армия­ның құрыл­ған кезінен бас­тап қазіргі күн­ге дейінгі да­му сатыларын егжей-тег­жейлі си­паттап бе­ре­ді. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Қару­лы күш­те­рін құру» деген тарау­да тәу­ел­сіз­дік алған кезде Қазақ­стан­­да әскери құрылысқа бай­ла­­ныс­ты тәжірибе болмады деп атап өтеді.

«КСРО ыдырағаннан кейін ТМД-ға мүше мемлекеттер Достастық елдерінің біріккен Қа­рулы күштері туралы келі­сім­ге қол қойды. Дегенмен іс жү­зінде барлық жас тәуелсіз мем­лекеттер өз әскерін құруға ба­ғыт ұстанды.

Қазақстан Республика­сы­ның тәуелсіздік мәртебесі жо­­ға­рғы деңгейлі шетелдік мей­­ман­дардың қатысуымен хат­тамалық шаралар жүргізуді та­лап ететін. Мұндай шаралар іс жүзінде барлық елде құр­мет қарауылы бөлімшелері ар­қылы жасалатын. 

Сондықтан 1992 жыл­дың 16 наурызында Мем­ле­кет бас­шы­сының Жар­лы­ғы не­гі­зінде Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның республикалық ұла­ны ұй­ым­дастырылды. Оған үкі­мет­тік күзет батальоны, құр­мет қа­рау­ылы ротасы мен үл­­гілі оркестр ротасы енді» – деп жазады Президент Қарулы күш­­терді құрудың алғашқы са­ты­лары жөнінде.

Сол кездері Қорғаныс минис­трлігінің әскери алқа­сын­да әскери басшылық құра­мын­да Президентпен бірнеше рет кездестік, ол біздің әске­рі­міз қандай болуға тиіс екенін, қан­дай проблемаларды шешу қа­жет­тігін түсіндіріп берді. Кеңесу мен келіссөздерге толы талай күндер өтті. Соның нә­ти­жесінде Қарулы күштерді құ­ру жоспары жасалып, оған қажет күш пен қаражат есеп­тел­ді. Мемлекеттік қор­ға­ныс комитетінің төрағасы С.Нұр­ма­­ғамбетовтің басшылығымен осы бір аса қиын әрі күрделі іске бел шеше кірісіп кеттік. Се­бе­бі уақыт аялдауды күтп­ей­тін еді. 

1992 жылдың қаңтарында бір топ маман елдің әскери док­три­насын әзірлей бастады. Со­нымен бір мезгілде біз өз аумағымызда қалған бұрынғы КСРО-ның қару-жарағы мен әскери техникасын түгендеуге кірістік. 

Қазақстан армиясының ресми тарихы Президенттің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шыққан 1992 жылғы 7 мамырдан басталады. Қарулы күштер 40-шы жеке Қызыл тулы жалпы әскери армияның, сондай-ақ Қазақстан аумағында дис­ло­ка­цияланған әскери әуе күш­те­рі мен әуе қорғаныс әс­кері ба­­засында құрылды. Сол жыл­дың 18 тамызында бұрын­ғы КСРО-ның Шығыс шекара округі негізінде біздің Шекара әскеріміз жасақталды.

Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан, қысқа мерзім ішін­де әскерді басқару жүйесін құ­рып, оның қаржылық, ма­те­ри­алдық-техникалық жә­не ме­дициналық жағынан қам­та­масыз етілуін жолға қоя ал­дық. Сөйтіп өтпелі ке­зең­нің қиындықтары мен сы­нақ­тарынан сүрінбей өттік.

Кез келген армия өзінің заң­на­­малық негізі болуын талап етеді. 1993 жылғы 11 ақпан­да Жоғарғы Бас Қол­бас­шы Қазақстан­ның алғаш­қ­ы Әскери док­тринасын бе­кіт­ті. Ол әлемге елі­міздің бей­бітшіліксүйгіш сая­сатын паш етіп, қорғаныс си­патын­да болды. Осы доктрина­да Қазақстанның ешкімге де қа­­тер төндірмейтіні, әскери үс­тем­­дікке ұмтылмайтыны жә­не өзі немесе өз одақтастары әс­кери басқыншылық объек­тісі­не айналмаса, ешқан­дай жағдайда да ешбір елге қарсы соғыс қимылдарын бірінші болып бастамайтыны бекітілді. 

1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Қор­ғанысы және Қарулы күш­тері туралы» заңда қорғанысты ұйым­дастыру қағидаттары, мем­лекеттік билік пен басқару ор­ган­дарының өкілеттіктері бе­кі­тілді. Сонымен қатар онда мемлекеттің қауіпсіздігін қам­тамасыз етудің жалпы жүйе­сіндегі Қарулы күштердің рөлі, орны мен міндеттері бел­гіленді. Армия кәсіби кадр­ларға аса мұқтаж болды. Бір жақсысы, бұл бағытта оң өз­герістер орын алып, офицер­лер құрамын даярлау үшін ар­найы курстар мен экстернаттар ашылды. Алматы жоғары әс­кери училищесі және 1994 жы­лы Азаматтық авиацияның Ақ­төбе жоғары ұшқыштар учи­лищесінің әскери кафедрасы базасында құрылған әскери әуе күштері факультеті осы мін­детті шешті.
Офицер кадрларын даярлау мен әскери ғылымды дамытуға баса мән берілді. 1997 жылғы ақпанда Алматы жоға­ры әскери командалық учи­лищесі – Әскери академия, ал кейіннен Ұлттық қорғаныс уни­верситеті болып қайта құ­рылды. Сол жылдары әскери кадр­ларға білім беру сапасын арт­тыру бойынша жаңғырту мен реформалар жүргіздік.

1996 жылы Қорғаныс министрлігі жанынан кіші командирлер даярлайтын Кадет корпусы құрылды. 1999 жылы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» әскери мектебі ашы­лып, онда мектептің 7-11 сы­нып бағдарламасының пән­де­рімен қатар әскери пәндер де оқытылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабының «Қарулы күштер реформасы» деп аталатын тарауында осы реформаға тікелей қатысушы ретінде біздің Қарулы күштерімізді құру мен жаң­ғыртуға, олардың кәсіби дая­рлығы мен жауынгерлік әзір­лігін арттыруға, әскерімізді осы заманғы қару-жарақпен жа­рақ­тандыруға ерекше көңіл бөлгенін жазады.

Президент 1997 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Ре­спуб­ликасының Қарулы күш­терін реформалау туралы» Жар­лығымен Қарулы күш­тер­дің құрылымын өзгертіп, армияның өз функцияларын бейбіт кезеңде де, төтенше ке­з­еңде де ойдағыдай орындай ала­тындай етіп қайта құрды. Жал­пы мақсаттағы күштер, Әуе қор­ғанысы күштері және Мем­ле­кеттік шекараны қорғау күш­тері құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» атты кіта­бын­­да біздің Қарулы күш­те­ріміздің халықаралық жағ­дай­дың өзгеруіне қалайша ден қоятынын нақты әрі егжей-тегжейлі түрде сипаттайды.

1998 жылғы 26 маусымда «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойылды. Онда жаңа кезеңдегі республиканың ұлт­тық мүдделері, оларды қорғау қағидаттары, ел қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп-қатерлер айқындалды. Оның соңғысы шекарамызға жақын жерде ұдайы әскери шиеленіс орын алып отырғанына байланысты болды. Сол кезде Ауғанстанда ұрыс қимылдары өршіп тұрған еді. 

1999 жылғы желтоқсанда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстанның 1999-2005 жылдарға арналған ұлт­тық қауіпсіздік стратегиясы ұсынылды. Бұл құжатта өңі­р­дегі жағдай терең талданып, ел­дің әскери қауіпсіздігін қам­тамасыз ету жөніндегі шаралар кешені көзделді. 

Мемлекет басшысы кітапта халықаралық әскери-саяси ахуал өзгеріп, жаңа әскери технологиялар дами түсіп, ұрыс қимылдарын жүргізу тактикасының тың түр­ле­рінің пайда болуына байла­нысты 1993 жылғы бірінші доктринаның кейбір ережелері ескіргенін айтады. «2000 жылы мен, Қарулы күштердің Бас қолбасшысы ретінде жаңа кезеңдегі ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы күштердің міндетін айқындай түсетін жаңа Әскери доктринаны бекіт­тім. Сол жылдың шілде айын­да Әскери реформа тұ­жы­­рымдамасы мен Әс­кери құ­ры­лымның мем­ле­кет­тік бағ­дарламасы (2005 жылға дей­ін) қабылданды» деп атап өте­ді ол.

2000 жылы Қазақстанның Қарулы күштерін қаржы­лан­дыру көлемі арта бастады. Эко­но­миканың өсуі қорғаныс бюд­жетін қаржыландыруға да оңынан әсер етіп, ол жыл сай­ын көбейе түсті және ІЖӨ-нің 1 пайызын құрады. Осы кезең­де әскери округтерді құру жұ­мысы басталып, шекара ше­бі нықталды. 2002 жылға дей­інгі мерзімді қамтыған Ә­скери құрылымның мем­ле­кеттік бағдарламасын іске асы­рудың бірінші кезеңінде Қарулы күштердің құрылымы оңтайландырылды, ұтқыр күш­тер құрылды, оның құра­мы­на «Қазбат» бітімгерлік батальоны кірді. Ал 2006 жылы оның негізінде «Қазбриг» бригадасы пайда болды. Әскери округтерді жасақтау мен құру­дың аумақтық қағидатына ауысу жалғастырылып, Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс әскери округтері құрылды.

Президент 2003 жылғы 7 мамырда қол қойған «Қазақ­стан Республикасы Қа­ру­лы Күш­терiнiң құрылы­мын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шара­лар туралы» Жарлық елдің қо­рғаныс саласын дамытудың жаңа кезеңін бастады. Бас штаб негізінде Штаб бастықтарының коми­теті құрылды. Қарулы күш­тердің Құрлықтағы әске­р­ді, Әуе қорғанысы күш­те­рі мен Әс­кери-теңіз күш­те­рін қам­ти­тын үш түрлі құ­ры­лы­мына кө­шу жүзеге асырылды. Ұтқыр күш­­­тер негізінде Жоғарғы Бас Қолбасшының резерві – Аэ­ро­ұт­қыр әскер құрылды. Басқаруды оңтайландыра түсу үшін әскери округтер «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» және «Астана» атты өңірлік қол­бас­шы­лықтар болып өзгертілді.

Кадр даярлау саласы да сапалық тұрғыдан қайта ұйым­дас­тырылды. Әскери академия базасында Шортандыда Ұлт­тық қорғаныс университеті ашы­лды. Әскери оқу орындары түрлі сипаттарына орай қайта құрылды, сөйтіп Құрлықтағы әскер институты (Алматы), Әуе қорғанысы күштері институты (Ақтөбе), Әскери-теңіз күштері институты (Ақтау) жұмыс істей бастады.

2014 жылдың шілдесінде білік­ті кадрларды даярлау жүйе­сін жетілдіру және әскери ғы­лым­ның дамуына жағдай жа­сау мақсатында Астанада Ұлт­тық қорғаныс университеті ашылды. Қарулы күштердегі өз­ге­рістердің басты бағыты әс­керді кәсібилендіру болды. Жа­сақтаудың аралас қа­ғи­да­тына кезең-кезеңімен кө­шу басталды. Сержант-кәсіп­қо­й­лар институты құрылды.

2005 жылғы маусымда «Әскери міндеттілік және әс­­ке­ри қызмет туралы» заң қа­был­­данып, онда қызметтің жа­ңа мерзімдері белгіленді, ен­ді ол мерзімді қызмет әс­кери қызметшілерге – 12 ай, мер­зімді қызмет офицерлерге 24 ай болды. 2006 жылы Қарулы күштерді дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. 2007 жылы терро­ризм, экстремизм, заңсыз бан­далық құрылымдар тарапынан төнетін жаңа сын-қатерлерге жа­уап бере алатын жаңа Әс­кери доктрина бекітілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қару­лы күштер: одан әрі жаң­ғыр­ту» атты тарауда 2010-шы жыл­дар­дың алғашқы жартысында біздің Қарулы күштер жыл сайын далалық жағдайда жедел және әскери дайындық бойын­ша 250-ден аса іс-шара өткізді деп ерекше атап өтеді. Барлық қиындықтарға қара­мас­тан, тәуелсіздік жыл­дарында Қазақстанның қор­ғаныс бюджеті үнемі өсіп отыр­ды: егер ол 1993 жылы се­гіз миллиард теңгені құраса, 2015 жылы 390 миллиард тең­ге­ден асты.

2015 жылғы мамыр айында Президент Қарулы күштерді жаңғырту жөнінде жи­н­алыс өткізіп, онда әске­ри даярлықтың жоғары қа­рқынын ұстап тұру, күш­тік құрылымдардың үйлесім­ді­лігін және олардың халық­ара­лық деңгейдегі өзара іс-қи­мы­лын жетілдіру жөнінде міндеттер қойды.

2010 жылы Қазақстан армиясы ең озық әлемдік зерт­телімдерді пайдалана отырып, қайта қаруланды. Елдің әскери-өндірістік кешені тік­ұшақтарды, әскери опти­каны, радиолокация мен радио­элек­тронды күрес жүйе­сін құрастыруды жүзеге асыр­ды, авиациялық және броньды техниканы жөндеуді жолға қой­ды. 2012 жылғы мамырда Ресей тарапымен келісім бойын­ша Орал верфінде жасалған «Қазақстан» зымыранды-артил­ле­риялық кораблі суға түсірілді. 

Н.Назарбаев өзінің «Тәуел­сіз­дік дәуірі» атты кітабын­да шекараның беріктігі мен мемлекеттің әскери қауіп­сіз­дігі тікелей тәуелді бас инс­ти­­­туттардың бірі – Ұлттық Қарулы күштер деп атап өтеді. ХХ ғасырдың соңындағы күрделі халықаралық жағдайға байланысты ел басшылығы оның қорғаныс қабілетін арт­тыруға ерекше мән беруге ти­іс болды. Себебі кез келген жағ­дайда да мемлекет өзінің әс­кери қуатына сүйене отырып, өзін қорғай алуға тиіс.

Біздің армиямыздың тәуел­сіздік алғаннан бастап бүгінгі күн­ге дейінгі қалыптасу хронологиясы – бұл ел тарихының жылнамасы. Мемлекетіміз бен экономикамыз үшін аса күрделі сол бір кезеңде әскери салада жүзеге асырылған құры­лым­дық өзгерістер еліміздің заманауи, ықшам, ұтқырлығы жоғары, жақсы жабдықталған әрі әскери қабілетті Қарулы күш­терінің негізін қалауға мүм­кіндік берді.

Абай ТАСБОЛАТОВ,
Генерал-лейтенант, 
Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі