Фото: today.kz
Юлия Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша отандасымыз алғашқы мүмкіндігінен-ақ финалға шықты. Қыздар арасында сынға түскен тағы бір жерлесіміз Аяулым Әміренова 26-болып, бірінші мүмкіндігінен финалға кіре алмады. Енді 11 ақпанда оның финалға шығатын тағы бір мүмкіндігі болады.
Юлия Галышева осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр. Ол 2010 жылы 11-орын, 2014 жылы жетінші орын алған. Ал 16 жастағы Аяулым Әміренова Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып отыр.
Ал ерлер арасында Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков еш қиындықсыз шықты. Бұл сында олар тиісінше үшінші және жетінші болды. Ерлер арасындағы финал 12 ақпан күні өтеді.
Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиаданың ашылуы бүгін 17:00-де басталады. Тікелей эфирде "Хабар", Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.