23 Қараша, 2011

Жаңа қызмет түрлері іске қосылды

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Байланыс және ақпарат министрлігінде «электронды үкіметтің» жаңа қызметтері мен мемлекеттік органдардың интерактивті қызметтерін алуда ЭСҚ-мен жұмыс істеудің жеңілдетілген нұсқасы таныстырылған баспасөз мәслихаты болып өтті. Порталда жүзеге асырылған жаңашылдықтар egov.kz қолд­ану­шыларының арасында ұйым­дас­тырылған фокус топтарына қа­тысушылардың ұсыныстары арқы­лы жүзеге асырылды. Фокус тобы www.egov.kz порталын қол­дану­шы­лар қатарын көбейту және олар­дың электронды үкімет жұмысына деген сенімін арттыру үшін ұйым­дастырылады, деп атап көрсетті мәслихатта Бай­ла­ныс және ақпарат вице-министрі С.Сәрсенов. Осы ке­зеңге дейін фокус тобы 16 рет ұйымдас­ты­ры­лып­ты. Әртүрлі салада қызмет ететін және жас шамасы түрліше 80-ге жуық қолданушы қатысқан фокус тобының жұмыс қоры­тын­дысы бойынша «элек­трон­ды үкі­мет» порталына «комму­нал­дық қызметтерді төлеу» және «фото-бейне бақылау жүйелері арқылы анықталған ЖҚЕ бұзу туралы ақ­параттарды қарау» ХҚКО интерактивті картасы мен ХҚКО-ға баруға кезекті онлайн брондау қызметтері іске қосылды. Бүгінгі күні «Қаз­ком­мерцбанк» АҚ-тың төлем кар­точкасымен «Астана-БЕО» ЖШС абоненттері ғана ком­муналдық қызметтерді портал арқылы төлей алады. Ал келесі жылдан бастап төлем жүр­гізуге болатын банктер мен қала­лар тізімі көбейе түспек. Бірінші кезекте «Қазақстан халық банкі» АҚ-тың төлем карточ­касы иелері аталған қызметке қол жеткізеді. Порталда ұсынылатын авто-қыз­меттер қатары да жаңа қыз­мет­пен толықты. Көлік иелері фото-бейне бақылау жүйелерімен анық­тал­ған жол қозғалысы ережелерін бұзушылар туралы ақ­па­ратпен та­ныса алады. Қазіргі ке­зеңде мұн­дай қызмет түрін Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қы­зыл­­орда, Өскемен, Шымкент, Орал, Қостанай, Семей, Қараған­ды, Тараз қалалары тұр­ғын­да­ры қолданады. Ереже бұзғандар үшін салынған айыппұлды портал арқылы төлеу мүмкіндігі биылғы жылдың соңына таман мүмкін болмақ. Фокус тобының қатысушыла­ры электронды-сандық қолтаңба­мен жұмыс істеудің күрделі екендігін ай­тып келген болатын. Енді оны­мен жұмыс істеу, ЭСҚ алу үдерісі барын­ша оңтайландырыл­ды, деді ұйым­дас­тырушылар. Дегенмен, ЭСҚ қол­да­нуда Tumar CSP секілді криптовайдерлерді ком­пьютерге орнатуға қа­тыс­ты мәселелер бар. Бұл бағдар­лама­ларды орнату біліктілігі жоғары мамандардың қаты­су­ын қажет етеді. Қазіргі күні осы соңғы мәселе де өз шешімін тапты, деп атап өтті «Ұлт­тық ақпараттық тех­нологиялар» АҚ басқарма төр­ағасы Р.Еңсебаев. Баспасөз мәслихаты соңында жаңа қызмет түрлері іс жүзінде таныстырылды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.