Мәссаған!
Батыс Қазақстан облысында өсімдік майын шығаратын зауыт жұмыс жасайды. Ендеше, оны қажетті шикізатпен қамту бірінші кезектегі іс болып қала бермек. Осы мақсатта биыл 80 мың гектарға жуық алқапқа күнбағыс дақылы егілген еді. Алайда соңғы мәліметтер 5830 гектар алқаптың дақылы қар астында қалып қойғанын айғақтайды. Оның дені Зеленов ауданының еншісіне тиеді. Бүгінде осы ауданға қарасты «Жәрдем» шаруа қожалығында қарбалас жұмыс жүріп жатыр. Олардың мақсаты қар астында қалған күнбағысты жинап алу. Біз жауын-шашында, ауа райының басқа да қолайсыз кезеңдерінде егіс орып көрдік. Бірақ ақ қарда күнбағыс оруға алғаш рет түсуіміз. «Қалауын тапса, қар жанар» дегендей, оның да орайын келтіруге ұмтылудамыз, дейді қожалық жетекшісі Серікқали Әжиев. Сондай-ақ облыстың солтүстік шығысындағы Шыңғырлау ауданында да майлы дақылдың біраз бөлігі қар астында қалып қойыпты. Осындайда неге деген сауал еріксіз туындайды. Бұған Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы ветеринария бөлімінің бастығы Наурызбай Манкеев күнбағыс күннің көзін сүйетін дақыл. Сондықтан да күн шуағы жетіспесе пісуі кешеуілдей береді. Биыл өңірде осындай ауа райы қалыптасты. Оның үстіне күз айларының жаңбырлы болуы және қараша айының басында түскен қар өнімді уақытында жинап алуға мүмкіндік бермеді деп жауап қайтарды. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05
Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Заң мен Тәртіп • Кеше