23 Қараша, 2011

Қамқорлық

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұрлы көш” бағдарламасы Шығыс Қазақстан облы­сында тиімді жүзеге асырыла бастады. Өскемен қаласы шетіндегі Шығыс ауы­лында биыл 363 отбасы қоныс тойын тойлады. Мұндай жағымды жәйт Курчатов қаласында да жалғасын тапты. Бағдарла­мада қамтылған оралмандарға бұрынғыдай үй алуға деп азын-аулақ ақша берілмейді. Тек әлеуметтік көмек көрсетіледі. Курчатов қаласына қоныстанатындарға жөндеуден өткен, барлық жағдайы жасалған пәтер-үйлер мен әр отбасындағы екі адамға мамандықтарына сай жұмыс беріледі. Бұрынғы квота бойынша берілетін ақша пәтер бағасына ұстатылады. Пәтер бағасы үшін банктен алған несие 15-20 жыл ішінде жеңілдетілген пайызбен төленеді. Оларға пәтер дайындау ісімен «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» АҚ айналысуда. Курчатов қаласын­дағы 4 тұрғын үйге «Ертіс» ӘКК 760 млн. теңге көлемінде толық жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.