23 Қараша, 2011

Ескерткіш белгі орнатылды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ХІХ ғасырды айтыс өнерінің алтын ғасыры десек, Кемпірбай Бөгенбайұлы сол киелі өнердің көрнекті өкілдерінің бірінен саналады. Семейде топырағым қалар білем, деп оның өзі алдын ала болжап біліп кеткендей, ақын мүрдесі осындағы ет комбинатының астында сандаған жылдар бойы ескерусіз қалған. Абырой болғанда, жуырда осы маң­да айтыс өнерінің айтулы ақынына ескерткіш белгі орнатылды. Бұл ша­раға қала әкімі Айбек Кәрімов қатыс­ты. Осылайша көп жылдар ұмыт қал­ған ақын рухына қала басшысы бастап семейліктер бас иді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.