Атырау облысында пайдаланылмаған жер телімдері тәркіленді

Махамбет ауданындағы көшпелі отырыста жерді беру және пайдалану мониторингі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егемен Қазақстан
13.02.2018 5858
2

Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәлімдеуінше, 2017 жылы инспекторлар 534 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жердің пайдаланылуы саласында 448  құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушыларға 61 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

Берілмеген 105 жер учаскесі (66 мың гектардан аса) тәркіленді.

- Қазіргі таңда пайдаланылмаған жер телімдерін  тәркілеу жұмыстары жүргізілуде. Ең басты мәселе, жеке тұлғалар ауыл шаруашылық жұмыстарына жер сатып алады, кейіннен оларды  жеке тұрғын үй құрылысы үшін қайта сатады. Осындай жағдай Береке ауылында орын алды. Адамдар үй салды, ал біз ол жерлердің заңсыз екенін  айтуымыз керек,- деді Махамбет ауданының әкімі Сырым Рысқалиев. – Кезінде біреулер құрылыс жұмыстарына рұқсат берген, бірақ тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша заңсыз деп танылып отыр.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде осы ауыл тұрғындарымен жиі кездесетінін атап өтті.

- Ауыл шаруашылығына арналған  бұл жер телімдері ауыл шаруашылық жұмыстарына бөлінген. Біз барлық жерді алу міндетін қоймаймыз, бірақ бұл участкелерде үй салуға болмайды. Осындай фактілерді ашып, қажет болған жағдайда, заң бойынша мұндай құрылымдарды бұзу туралы аудан әкіміне міндет жүктедім. Бұрынғы қалпына кері қайтаруды тапсырдым. Тек осы жағдайда ғана заңсыз құрылыс жүргізетін адамдар ойланып, жерді заңсыз алу жолдарын тоқтатады. Біз ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін адамдарға жер телімдерін тауып беруге тырысамыз, десек те жүздеген гектар жер не мақсатына сай пайдаланылмайды, не кері сатылуда,-дейді Нұрлан Ноғаев. – Сонымен қатар, аудан әкімдері осындай жағдайдағы жер  иелерімен кездесіп, олардың мәселесін шешу туралы ұсыныс жасау керек. Халықтың кінәсі мына жерлерді сатып алғаны.

Жылыой ауданында рұқсатсыз жер телімдерінде заңсыз салынған үш кәсіпкерлік нысан анықталды.  Әкімдік ғимараттарды бұзу туралы шешім қабылдады.

2017 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жер телімдерін анықтау үшін аэроғарыштық суреттерді пайдалануды бастады. Өткен жылы 9 мыңға жуық заңсыз жер телімдері анықталды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жалғасады. Арнайы топтар құрылды, олар аэрофототүсірілім деректерін пайдалана отырып, жер учаскелерін тексереді және жер телімдерін дұрыс пайдалануды реттейді.

Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу