Қазақстан • 13 Ақпан, 2018

Орталық коммуникациялар қызметінде мұнай-газ жобаларына арналған жиын өтті

1902 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан экономикасындағы ең өзекті тақырып – мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға барысында Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов атқарылып жатқан жұмыстарға толығырақ тоқталып өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде мұнай-газ жобаларына арналған жиын өтті

«Осыдан 7-8 ай бұрын сіздермен жолыққанымызда біз батыс өңіріміздегі мұнай-газ саласында болып жатқан өзгерістер жөнінде және болашақта іске асатын жобалар жөнінде баяндаған болатынбыз. Сол кезде мақсатымыз неғұрлым қазақстандық негізді нығайту және отандық компаниялардың сол жобаларға ат салысып, басты рөлде ойнауына ықпал етеміз дегенбіз. Иә бүгінгі таңда үлкен «Теңізшевройл» компаниясының үшінші зауыты жұмысын толық қанды бастады. Алғашқы үлкен төрт тендр ойнатылды. Оның екеуінің жеңімпазы белгілі болды. Қалған екеуі мамыр айына қалып отыр. Мақтанышпен айтатын тағы бір жайт, өздеріңізге белгілі ірі жобаларға біздің отандық компаниялар үш себеппен қатыса алмайды. Себебі, біріншіден лоттар өте үлкен. Миллиард доллор төңірегінде. Тендр талабы бойынша сол сумманың 30 пайызын кепілдікке беру керек. Ондай кепілдік бере қоятын біздің компаниялардың қаржылай мүмкіндігі жоқ болғандықтан біз шетелдік компаниялармен консорциум құру бағытын қолға алғанбыз. Сол консорциумдардың ішінде «Асар» деген консорциум төрт жобаның біреуін ұтып алды. Бұл Қазақстанның және отандық компаниялардың жеңісі деп бағалауға болады. Және де зауыт салынып біткеннен кейін оны іске қосу процесі жүреді. Бұл жерде де қазіргі таңда ағылшын компаниясымен қазақстандық компаниялардың басын қосып, «Мұра» деген үлкен консорциум құру жұмысын бастап кеттік. Бұл жұмыс екі жылдан кейін іске қосылады», деді Р.Жақсылықов.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда қазақстандық нарықта «Теңізшевройл», «Карачаганак Оперейтинг Компани» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» іспеттес үш ірі операторлар ортақ бюджеті 45 млрд. долларды құрайтын ауқымды мұнай-газ жобаларын іске асырып жатқанын тілге тиек етті.

«Жақын арада батыс өңірімізде 45 млрд. долларына тұратын үлкен жобаларға жұмыс басталады. Соған еліміздің шалғай жатқан басқа өңіріндегі компанияларда ат салысып, шамасы келгенше өздерінің мүмкіндігін пайдаланып, сол жұмыстарға араласып, азаматтық жұмыстан арылып, өндірістік жұмысқа бет бұрса дейміз. Қазіргі таңда мұнай-газ саласының өндірісіне қызмет көрсетіп жүрген компаниялардың дамуына тағы да қандай ықпал ете аламыз деген мақсат төңірегінде жұмыс жасаудамыз», деді ол.

«Logic Services Kazakhstan» компаниясының басшылар Кеңесінің Төрағасы Серболат Шораев «Logic Services» деген мекемені 2010 жылы Австралиялық «Logic» деген компаниясымен бірлесіп Атырау қаласында құрғанын атап өтті.

«Сол уақыттан бері ірі, үлкен, орта масштабтағы жобалардан төртеуін бітірдік. «Қашаған» жобасының соңына қарай келдік. Сол жобамен жұмыс бастадық. Қазір өзіміздің есебіміз бойынша қарайтын болсақ, біздің қолымыздан 12 мың адам жұмыс тапқан екен», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»