Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 ақпан күні Астана қаласында құбылмалы ауа райы сақталып, қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -16…-17°С, күндіз -13...-15°С.
15 ақпан күні құбылмалы ауа райы сақталады, аздап қар жауып, жел тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -16...-18°С.