Тарих • 15 Ақпан, 2018

 Болашаққа арналған еңбек

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалың оқырманға жол тартқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі аға буын үшін де, жас ұр­пақ үшін де таптырмас тарихи энциклопедия деуге болады.

 Болашаққа арналған еңбек

Тарихи туындыда егемен еліміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезең­дерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатер­лерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны жан-жақты баяндалады. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Олар «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бет­бұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» деп аталады.

 Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессия­сында бірлігіміз бен тұрақ­тылығымызды сақтасақ, жарқын болашақ туралы үмітіміздің абыроймен іске асатынын айтып еді. Бүгінгі біздің қоғамның бірлігі бекем, тұрақтылығы тұғырлы. Өзгелерге өнеге боларлықтай бір­лік пен келісімнің қазақ­стан­дық бірегей моделі жасалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болды. Ассамблея туралы заң қабыл­­данды. Президенттің өзі бел­гілеп берген сарабдал сая­саттың негізгі қағидаттары жүзе­ге асырыл­ды. Елбасы өз еңб­егінде Қазақстан халқы Ассам­блеясы бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруында аса маңызды орынға ие екендігіне тоқталады.

Менің пайымдауымша, «Тәуел­­­сіздік дәуірі» кітабы – қоғам­­­­­дық келісім мен бере­ке-бір­­­лік­тің баға жетпес құнды­лы­­ғын паш еткен егемен елдің шы­­найы шежіресі. Елбасының жүрек төріндегі толға­ны­с­тары­нан шыққан бұл еңбек әрбір қазақ­стан­дықтың кітап сөресінен орын алуы тиіс деп ойлаймын.

 

Эльдар ТӨЛЕУБЕКОВ,

Өскемендегі «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры