24 Қараша, 2011

Замана толғауы

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жазушы-журналист, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Мәжілісінің бірнеше шақырылымының депутаты Уәлихан Қалижановтың есімі газетіміздің оқырмандарына етене таныс. Қоғам және мемлекет қай­раткері Уәлихан Қалижанов жур­налистиканың қазанында қай­нап, үлкен саясатқа келді. Депутат бола жүріп, қолынан қаламын түсірмеді. 15-тен астам көркем кітаптар мен эсселердің авторы. У.Қалижанов Елбасы, Қа­зақ­­стан Республикасының тұң­ғыш Президенті туралы кезінде «Пре­зидент» атты кітап та жаз­ған еді. Енді «Құс жолы» баспа­сынан автордың «Ел мен Ер» атты көркем пуб­лицис­тикалық мақалаларынан тұра­тын жаңа кітабы жарық көрді. Ел тәуел­сіздігінің 20 жыл­ды­ғына арнал­ған кітапта Н.­Ә.На­зарбаевтың сан қырлы саяси қызметіне сараптама жаса­ла­ды. Мысалы, «За­мана сыны» атты мақала­сында автор әлем мойындаған саяси тұлғалар Ата­түрік, Қытай реформасы­ның атасы Дэн Сяопин­нің, Сингапур реформа­сының пірі саналатын Ли Куан Ю, Фран­цияның басшысы бол­ған Шарль де Голль, АҚШ президенті бол­ған Рональд Рейган­ның саяси қызметтерін салыс­тыра отырып, автор Н­.­Ә.На­зар­баевтың феномені не деген сұраққа жауап іздейді. «Елбасы феномені» неде дегенде, На­зар­­баевтың ұлтжан­ды­лы­ғын­да, оның қазақылы­ғын­да жатыр деп есептейді. «Н.Ә.Назарбаевтың жылы жү­зі, жұртты бірден баурап ала­тын қасиеті, сөзден өрмек тоқитын шешендігі, кісілігі мен талғампаздығы, психологиялық байқампаздығы, айналып келгенде, елінің, халқының, жалпы түр­кі әлемінің көк туының айна­луына ықпал етті», деп жазады автор. Бұл мақалада қалың жұрт біле бермейтін детальдар көп пайдаланылған. Мәселен, Сингапур реформасының атасы Ли Куан Ю мен Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаевтың арасындағы әңгімені жазып алған У.Қалижа­нов­тың одан Қазақстандағы жүр­гізілген реформалар туралы ой-толғақтары оқырманды бей-жай қалдырмайды. Кітаптағы «Бірінші» деп ата­ла­тын мақаланы да оқырман қы­зыға оқитыны сөзсіз. Мұнда 22 жасар домнашы, теміртаулық Н.Ә.Назарбаевтың Бүкілодақтық комсомол съезіне 1964 жылы делегат болып әлемдегі бірінші космонавт Ю.А.Гагаринмен суретке түсіруді ұйымдасты­руы­мен екеуара әңгімедегі «бірінші» болу оңай ма деген сауалда өр­біген тарихи шендестірулер жүрекке ерекше жылы тиеді. «Қоғамдық ойдың тайқаза­ны», «Ел мен Ер», «Ислам әле­мі» және Н.Ә.Назарбаев», «Астанада Хельсинки рухы ас­қақ­тап тұр», «Алтын орда – Астана» және тағы басқа мақала­ларда Қазақстанның тұң­ғыш Президенті, Елбасы Н.­Ә.Назар­баевтың әлемдік саясаттағы ор­нын айғақтай­тын саяси таным­дық мағлұ­матқа мол деректермен ерекшеленеді. У.Қалижанов кітабының мә­йегі тарих таңдаған тұлға – Н.Ә.Назарбаев! Бұл қалың оқыр­ман мен саясаткерлер үшін қызықты көркем публицис­тика­ның үлгісі боларлық кітап.