Спорт • 15 Ақпан, 2018

Шаңғы жолына шықты

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Индер ауданында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылдың өзінде ғана 49 млн теңгеге аудандағы барлық білім ошақтарына қажет құралдар алынған.

 

Шаңғы жолына шықты

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олим­пия ойындарына қатысып жатқан қазақ­стандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында шаңғыдан аудан­дық жарыс ұйымдастырылды. Оған 145 мектеп оқушысы қатысты. Шараға аудан әкімі бастаған бір топ басшылар да қол­дау көрсетіп, жарыс алаңына шықты.

–  Қысқы спорт түрлеріне біраз уақыт көңіл бөлінбеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін барлық мектептерге шаңғы, коньки алынды. Қазір әр мектептің өз командасы бар, – дейді аудан әкімі Серік Арыстан.

 Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, шыңдалып өсуі үшін мұндай жарыстардың маңызы зор. Индерлік оқушылар аймақтық сайыстарға да қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Енді одан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндеріне сенімді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ