«АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлы технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаеваның айтуы бойынша, акселерациялық бағдарлама инновациялық шешімдерді жинақтауды және әлемдік финтех компаниялардың өзара әрекеттесуіне арналған платформа жасауды көздейді.
«Стартап жобалармен жұмыс істеуде зор тәжірибеге ие SeedStars секілді әлемдегі үздік компаниямен бірлесіп Қазақстанда акселерациялық бағдарламаны іске қосу, бізге қаржы технологиялары экожүйесін дамыту бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі», деді Ә. Жиенбаева.
Бағдарлама 10 стартап-жобаны қаржыландыру мүмкіндігін береді, сондай-ақ кәсіпкерлер өз саласының ең үздік сарапшыларымен бірлесіп өз жобаларымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, оларға бизнес-процестерді қалай дұрыс жүзеге асыру және бәсекелік нарықта қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Бұл бағдарламаның білім беру бөлігі тиімді әрі сәтті стартаптарды дамытудың басты кілті болып саналады.
Seedstars компаниясының өкілі Игорь Овчаренко бағдарлама аяқталғаннан кейін стартаптар, олардың табысты болуы, жедел дамуы мен өсуіне байланысты Seedstars Investor Club-тан, MOST бизнес-жебеушілер қауымдастығы мен серіктестерден 350 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестицияларға ие бола алатындығын атап өтті.
«Біз өзіміздің Орталық және Шығыс Еуропадағы алғашқы акселерациялық бағдарламаның дәл Қазақстанда іске қосылуына өте қуаныштымыз, өйткені осы жерде АХҚО базасында құқықтық өріс және стартаптарға мемлекет тарапынан қолдаудың болуы тұрғысынан бірегей инфрақұрылым құрылуда. Біз өзіміздің халықаралық тәжірибеміз бен байланыстар желісін пайдалана отырып, акселерациядан өтетін финтех стартаптарды жылдам дамытуға мүмкіндік жасаймыз», – деді И.Овчаренко.
«Бүгінгі таңда MOST кәсіби менторлық сараптаманың негізін қалады, қаржы бағыты бойынша бірлесіп әрекет жасу үшін әлемнің әр түкпірінен және Қазақстаннан әртүрлі салалардың үздік мамандардың басын қосты және осы адамдарды FintechStars жобасына жұмылдырды. Акселерациялық бағдарламасында біз стартаптарға жергілікті сараптама мен менторларды ұсынамыз. Оларды оқыту процесіне қатысып, нетворкинг құрамыз,
тартаптарды қазақстандық нарықтағы клиенттер мен серіктестерімен таныстырамыз», дейді MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Әлім Хамитов.