24 Қараша, 2011

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

321 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Редакция)  2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген  кезектен тыс сайлауға қатысуға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партия­лық тізімін  ұсынған және тіркеген саяси партиялардың «Егемен Қазақстан» газеті бетінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа көлемін беруге қойған көлемі, тәртібі және жалпы шарттары.

Газет көлемін берудің жалпы шарттары

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер­лердің пар­тиялық тізімін  ұсынған және тіркеген сая­си партияларға (бұдан әрі – сая­си партиялар), редакция мақалалар және үлгілер тү­рін­дегі сайлауалды үгіт ма­териалдарын (бұ­дан әрі – үгіт мате­риал­дарын) орналас­тыру үшін газеттен орын береді. Үгіт мате­риалдарының мәтін­дерін саяси партиялар­дың өздері әзірлейді. Үгіт материалын жариялауы үшін саяси партиялардың өкілетті өкілдеріне мыналар қажет: 1. Редакцияға төмендегідей ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады: 1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Жазбаша мәлімдеме жасаған өкі­летті өкілдің аты-жөні; 3) Газет бетінен алатын жоспарланған көлемі; 2. Жазбаша өтінішке мынадай құжат­тар қоса тіркелуі тиіс: 1) Партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) Партиялық тізімді ұсынғандығын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) Саяси партияның өкілетті өкілінің өкілеттілігін растайтын құжатының кө­шірмесі; 4) Үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық тасымалдағышта ашу; 5) өтініш берушінің,  саяси партияның өкілетті өкілінің жеке басын куәланды­ратын құжат көшірмесі; 3. Редакциямен шарт жасасу.

Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі

2011 жылдың 26 қарашасынан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлім­демелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Жазбаша мәлімдемелерді қабылдаудың соңғы күні – 2012 жылдың 12 қаңтары. Үгіт материалдарын жария­лау­дың соңғы күні – 2012 жылдың 14 қаң­тары. Редакция саяси партиялардан мәтін­дердің және үлгілердің түсу ретіне қарай үгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Саяси партиялар үгіт материалдарын одан әрі жариялауды Редакциямен уағдаластық бо­йын­ша жүзеге асырады. Бірнеше саяси партиялардан/өкілетті өкілдерден бір мезгілде мәлім­демелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүргізеді. Жеребе тас­тауға баспа материалдарын орналас­тырудың кезектілігіне талас білдіруші саяси партиялар немесе саяси партияның мүддесіне өкілдік ететін өкілетті өкіл және талас білдірудің тәуелсіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жария­лауды Редакцияның есеп-айырысу шотына жария­ланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүр­гізетін болады. Редакция «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде үгіт материалдарын орналас­тыру орнын дербес айқындайды.

Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі

Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалдарының мәтіндерін және үлгі­лерін жоспарланған жарияланым күнінен екі күн бұрын Редакцияның жарнама бөліміне тапсырады. Мәтіндер саяси пар­тия­ның уәкілетті өкілінің қолы қойылған баспа нұсқасында тапсырылуы және элек­трондық тасымалдағышта қайталануы қажет. Мәтіндердің баспа нұсқалары берілген күні және уақыты көрсетіліп, тіркеу нөмірімен екі данада тапсырылады. Сон­дай-ақ, үгіт материалында бейнелері пай­да­ланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаты қосымша беріледі (қайтыс болған жағ­дайда – олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқса­ты). Редакцияның жарнама бөлімінің қыз­меткерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдағаны туралы белгі қояды, қабылданған күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында да лауазымын және тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мәтіннің бір данасы жарнама бөлімінде қалдырылады да, екінші данасы оны тапсырған тұлғаға қайтарылады. «Егемен Қазақстан» газетінде үгіт материалдары жарияланған кезде  «Сайлау-2012» айдарымен орналастырылатын болады. Егер конституциялық құрылысты күш­теп өзгерту идеялары жария етілсе, республиканың тұтастығын бұзуды, мем­ле­кеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамаларда қарасты­рылмаған әскерилендірілген құрылым­дарды құру және «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған өзге де негіздерде, газет үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.  Редакция басқа тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттары бар үгіт мате­риалдарын жариялаудан бас тартады.

Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі

Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалының жарияланым құнының 100 пайызын материалды жариялау күніне дейін екі күннен кешіктірмей төмендегідей баға бойынша төлейді: - мақала - газет көлемінің 1 шаршы сан­­тиметрі үшін 1 950 (бір мың тоғыз жүз елу) теңге; - модуль - газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 1 300 (бір мың үш жүз) теңге; - түрлі-түсті модуль – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 3 250 (үш мың екі жүз елу) теңге; Қызмет құнына 12% ҚҚС қосылған. Төлемақы Редакция ұсынған есепшот негізінде жүргізіледі. Төлемақы шартқа сәйкес көрсетілген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына төленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша  нормативтік құ­қық­тық актілерін қабылдаған жағ­дайда, сәйкес актілердің нормалары қол­даныста болады. Жарнама бөлімі: e-mail: [email protected] Астана қаласындағы телефон: 8 (7172) 37-60-49, 37-65-27, факс 8 (7172) 37-64-48, 37-19-87.